«Су тасқыны» – бұл денсаулық немесе адам шығынына әкелетін, материалдық залал келтіретін өзен немесе көлге іргелес тұрғылықты жерді сумен басу.

Су тасқыны кезінде қалалар, елді мекендер, егістіктер, автомобиль жолдарының төменгі бөліктерін су басу, өндірістік, көліктік және басқа объектілердің бұзылуы болады.  Су тасқыны Ақмола облысының су артерияларында  тіркеледі.

Су тасқыны мен тасқын судан адам өлімі мен залалды сақтап қалу мәселесі құзырлы органдарға ғана емес халыққа да қатысты. Су тасқынына қарсы қорғанысты оңтайлы ұйымдастыру үшін су тасқыны және қауіп-қатер туралы білім қажет.

Су тасқынына дейінгі әрекетіңіз.

Су тасқыны қауіпі туралы дабылды естісеңіз:

  • телевизорды немесе радиоқабылдағышты қосыңыз, олар бойынша маңызды ақпарат болуы мүмкін;
  • су басу мүмкіндігі бар аймақта тұратын көршілеріңізге және жақындарыңызға қауіп туралы хабарлаңыз;
  • құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды (тек өзіңізбен алып жүре алатын), дәрі-дәрмектерді, бүлінбейтін азық-түліктен 2-3 тәуліктік қорды, төсек-орын мен жуыну құралдарын, мүмкіндікке қарай сырт киім мен аяқ киімді дайындаңыз;
  • мүлік пен материалдық құндылықтарды қауіпсіз орынға (шардақ, жабын) ауыстырыңыз немесе оларды жоғары (шкаф, антресоль)орналастырыңыз;
  • электрді, газды өшіріңіз, жанып тұрған пештегі отты сөндіріңіз, ғимараттан тыс бар қалқитын заттардың бәрін бекітіңіз, немесе оларды қосалқы орын-жайларға орналастырыңыз;
  • терезелер мен есіктерді жабыңыз, бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді сыртынан тақтаймен (қалқанмен) қажеттілік пен уақыт болса қағыңыз;
  • үйді тастаңыз да көшіру пунктіне барыңыз.

Су тасқыны аймағындағы әрекетіңіз:

  • бастысы үрейленбеңіз және апаттың басылуын күтпеңіз;
  • ойланбаған әрекет жасамаңыз;
  • ғимараттың жоғары қабатына, шардаққа, жабынға, ағашқа және басқаларына көтеріліңіз;
  • өзіңізді көшіруге жарамды заттар табыңыз (автомобиль камерасы, үрленетін матрац және т.б.);
  • қорғаушылар келгенге дейін апат дабылын беріңіз (күндіз – ақ немесе түрлі-түсті матаны ағашқа  ілумен немесе  бұлғаумен, қараңғы уақытта – жарық дабылымен немесе әлсін-әлсін дауыспен);
  • жүзген немесе батқан адамдарға көмек көрсетіңіз;
  • қайық немесе өзге қалқитын құралдар болса су басқан ауданна алдымен балаларды, әйелдерді, қарттар мен ауруларды шығарыңыз;
  • үрейсіз жіне әбігерсіз сақтықты сақтаумен қалтитын құралға өтіңіз;
  • жақыннан қалқитын немесе су бетіндегі заттарды қолданыңыз;
  • батып бара жатқан адамға қалқитын затты лақтырыңыз;
  • зардап шегушіге жүзіп жеткенде өзен ағынын ескеріңіз;
  • құтқарушылардың талаптарын қатаң сақтаңыз;
  • көшірудің соңғы пунктінде тіркеліңіз.

Су тасқынынан кейінгі әрекетіңіз:

  • ғимаратқа жақындағанда сақ болыңыз, оның барлық құрылымының  (қабырғалары, едендері) сенімділігін тексеріңіз;
  • салбыраған электр сымдарынан сақтаныңыз;
  • қажеттілікке қарай тек батареймен істейтін фонарды қолданыңыз;
  • бөлмелерді желдетіңіз, еден мен қабырғалардағы кірді сүртіңіз, жертөледегі суды сорғыңыз және тұрғын орын-жайды кептіріңіз;
  • кірленген ыдыстарды, асхана құралдарын, жиһаз бетін дезинфекциялаңыз;
  • электр сымдарының, құбырлардың, газ бен жабдықтаудың дұрыстығын тексеріңіз;
  • сумен байланыста болған азық-түлік пен ауыз су қорларын пайдаланбаңыз;
  • кір судан құдықтарды тазалауды ұйымдастырыңыз және суды сорғыңыз.

Су тасқынына отбасыңызды дайындау үшін іс-шараларды жоспарлауды және оларды тасқын кезеңі басталғанға дейін орындауды ұсынамыз:

Дата

Біздің әрекеттер

 

Отбасымызда су тасқынына дайындық жоспарын талқыладық

 

Су басу мүмкін шекараларды зерттеді әрі есте сақтадық

 

Тұрған жерімізге жақын орналасқан сирек су басатын жерді және оған қысқа жолды анықтадық

 

Кенеттен және қарқында дамыған су тасқыны жағдайында ұйымдастырылған және жеке көшуде тәртіп қағидаларымен таныстық

 

Қайық, сал және оларды дайындау үшін материалдар қайда сақталғанын білдік

 

Бар отбасымыз үшін резеңке етіктерді дайындадық

 

Құжаттар, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен жылы заттар, азық-түлік пен су қорларының тізбесін жасап, бәрін арнайы сөмкеге (үрейлілік чемоданына) салдық

 

Кейбір судан қорғану іс-шараларын жасадық, атап айтқанда, жертөлені, жертөле терезелерінің айналасын, жер деңгейінде есікке дейін қасбетті  герметизациялау

 

Су ағынын өзгерту мен ауламызға кіргізбеу үшін құммен қаптар дайындадық және жасанды  бөгет салдық

 

Мүмкін су ағыны жолдарын анықтадық және арықтарды тазаладық

 

«Назар аударыңыздар!» дабылы су тасқыны туралы ескертетінін білеміз

 

Көшіргенде тұзақта қалып қоймау үшін құтқару қызметімен көрсетілген маршруттан қалмаймыз

 

Кенеттен су тасқыны болғанда тез арада жақыннан қауіпсіз жоғары жерге барып, құтқарушыларға дабыл береміз

 

Су басқан аймақты кешіп өтуге немесе көлікпен өтуге тырыспаймыз, сумен тікелей байланыстан қашамыз, себебі ол жұқпалы болуы мүмкін

 

Жылдам ағынды жүзіп өтпейміз, себебі ағын алып немесе бөгде затқа соғылуын мүмкін

 

Үй жануарлары жоғары жаққа шығу мүмкіндігіне қамқор болдық, тынайтқыштар мен қалдықтарды оқшауладық

 

Үйде электр мен газды қалай сөндіру керектігін бәріміз білеміз

 

Бұл туралы туғандарымыз бен таныстарымызға айтамыз және не істеуге болатынына кеңес береміз

 

Көктемгі тасқын кезеңі алдында жыл сайын жоспарымызды қараймыз

АО «АЭҮК» АҚ
Азаматтық қорғаныс штабы