«АЭҮК» АҚ қызметкерлері астаналық политехникалық колледж базасында болған «Хакатон – идеялар конкурсы» digital-дағдыларын қолданумен үздік шешімдерді құру бойынша конкурста сарапшы болды.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрлігімен Техникалық және кәсіби білімді дамыту және жетілдіру бойынша инвесторлармен серіктестік жол картасы іс-шараларды іске асыру аясында   бастамашылық етілді және EY компаниясының қолдауымен өтті. Конкурсқа экономиканың әртүрлі саласы: құрылыс, мұнай-газ, тау-металлургия, электр энергетика,IT-технология қызметін жүзеге асыратын белгілі ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың өкілдері шақырылды.

«Ақмола ЭҮК» АҚ электр энергетика бойынша сарапшылар ретінде техникалық кеңесші Владимир Баранов және кеңесші Растам Галимов қатысты.

Конкурсқа электр энергетика факультетінің 24 студенті қатысты, оларды 6 адамнан 4 топқа бөлді, әрқайсысы теориялық және практикалық тапсырмалар алды. Сарапшылармен  бизнес-кейс тапсырмалардың стандартты шешімдері ғана емес, командада өзара әрекет жасай білу мен міндеттемелерді техникалық сауатты мазмұндау да бағаланды.

Владимир Барановтың айтуынша мұндай іс-шаралар студенттерге өз ойларын кеңейтуге, олардың салаларында қызықтыратын технологиялар, жобалар мен қызықты әзірлемелер туралы түсінік алуға, сонымен қатар  старт-апер ретінде өздерін байқауға мүмкіндік береді.  

Конкурс аяқталғаннан кейін Степногорск тау-техникалық колледжінің 4 курс студенті  Айдос Жунусов диплом алды, практикадан өтуге «АЭҮК» АҚ құрылымдық бөлімшесіне шақыру алды.

Конкурсқа Қазақстанның 12 өңірінен кәсіби және орта техникалық білімнің 166 студенті қатысты. Олардың барлығына  ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификаттары, жұмыс берушілерден сыйлықтар берілді. Бірнеше  студент компаниядан болашақта жұмысқа орналасумен өндірістік практикадан өтуге шақырулар алды.