Құқықтық сұрақтар

Анонс

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз. https://m.egov.kz/survey

ТОО «Компания НурСтрой» привлечен к административной ответственности за повреждение электрических сетей
ТОО «B&A CONTRACTORS SA» привлечен к административной ответственности за не согласование при производстве земляных работ
ТОО «KCI-Enginnering» привлечен к административной ответственности за не согласование при производстве земляных работ
ТОО «Байтур КZ» привлечен к административной ответственности за не согласование при производстве земляных работ
ТОО «Байтур КZ» привлечен к административной ответственности за повреждение электрических сетей
ТОО «Ansar Group Company» привлечен к административной ответственности за не согласование при производстве земляных работ
«Energy Service RTD» привлечен к административной ответственности за повреждение электрических сетей
«Energy Service RTD» привлечен к административной ответственности за не согласование при производстве земляных работ
ТОО «КАП Build» привлечен к административной ответственности за повреждение электрических сетей
ТОО «КАП Build» привлечен к административной ответственности за не согласование при производстве земляных работ

Электр энергетикасы саласы 

Электр энергетикасы саласының басты міндеті  - тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндіру, тарату және жабдықтау болып табылады. Электр энергиясы нарығының моделін жетілдіру бойынша жұмыстар аясында 2014 жылғы маусым айында «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданған болатын. 

Бұл сала елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергияның басқа тасымалдаушыларынан өзгеше бірқатар ерекшеліктері бар екендігі белгілі. Мәселен, электр энергиясын үлкен қашықтыққа таратуы, тұтынушыларды электр энергиямен жабдықтауы және энергияның басқа (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және т.б.) түрлеріне оңай ауысу қасиеті. Электр энергияның басты бір ерекшелігі, ол – оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатындығы.

Отандық электр энергетика кешенін тұрақты түрде дамыту және қуаттылықты өсіру, халықтың, сол сияқты бизнестің де ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ ел экономикасын одан әрі дамыту электр энергетикасымен тығыз байланысты. Осы саланың жай-күйіне жасалған талдауларға көз салатын болсақ, электр энергетикасының әлеуетін барынша көптеп пайдалану қажет екенін. Сонымен қатар электр станциялары мен желілері жабдықтарының тозуын азайту мәселелерін шешу, саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату қажеттігін көрсетті. Қазіргі уақытта көмірді пайдаланып, электр энергиясын өндіру 69 % құрайды, ал газдың үлесі 20 % және мазуттың үлесі – 2 % жылу электр орталықтары (ЖЭО) пайдаланады, гидроэнергетика - 9% энергия өндірсе, жаңармалы энергия көздерінің үлесі – небары 1% құрайды. Бүгінгі күні елдегі электр энергиясын әртүрлі меншік нысанындағы жетпістен аса электр станциясы жүзеге асырады. Электр станциялардың жалпы белгіленген қуаттылығы 20 844 МВт, қолда бар қуаттылық шамамен 16 945 МВт. Мынадай ірі жылу электр станцияларын атап өтеміз:

  • «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;
  • «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ;
  • «Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ (Ақсу ГРЭС);
  • «Қазақмыс корпорациясы» ГРЭС ЖШС;
  • «Жамбыл ГРЭС» АҚ.

Қазақстанда кернеуі 0,4-220 кВ электр желілері бойынша электр энергиясын таратумен 20-дан аса өңірлік энергетикалық компания және 100-ден аса басқа да шағын энергия таратушы ұйымдар айналысады. Осы орайда шағын энергия беруші ұйымдардың үлкен бір бөлігі өз қызметін мемлекеттік реттеусіз атқаратынын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағала мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті