Онлайн төлемдер

«АРЭК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушылары үшін интернет-банкинг қызметі «KaspiBank» АҚ сайты арқылы жүзеге асырылады. Қызметті «KaspiBank» АҚ тікелей клиенттерінен басқалар да пайдалана алады. Бұл үшін Клиенттерге бар болғаны 15 минут ішінде «Kaspi Gold» банк картасын «KaspiBank» АҚ кез келген бөлімшесінен алу қажет. Клиенттер басқа банктің картасынан Kaspi Gold комиссиясыз толтыра алады және Kaspi.kz сайтында төлемдерді қайтадан комиссиясыз жүргізіп, бонустар ала алады. Интернет-банкинг арқылы төлемді алғашқы рет жүргізетіндер үшін үрдіс үш қадамнан тұрады:

  • kaspi.kz адресіне өту және тіркелу;
  • «Коммуналка» бөліміне өту, компаниялар тізімінен «АРЭК-Энергосбыт» таңдау, жеке шотының нөмірін көрсету;
  • Kaspi немесе Kaspi Gold банк картасынан төлем жүргізу.

Клиент транзакция аяқталғаннан кейін төлемді растайтын және төлемді алушыға төлем жеткізілмеген жағдайда ақшаны қайтаруға кепілдік беретін Kaspi Bank мөрі бар түбіртегін алады. Kaspi Bank мөрі бар төлем туралы түбіртектерін басып шығаруға болады және де олар сайттағы «төлемдер тарихы» бөлімінде сақталады.

Сонымен бірге «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушыларында электр энергиясы үшін қызметтерін «QIWI-әмиян» арқылы төлеуге мүмкіндіктері бар. Осы қызмет арқылы өз шотына ақша салуға болады және интернетті пайдаланып тәуліктің кез келген уақытында төлем жүргізуге болады.  

Бұл үшін қажет:

  1. qiwi.com сайтында Создать кошелек (әмиян жасау) немесе бар әмиянға өту.
  2. Банк картасы немесе қолма-қол ақшамен терминал арқылы әмиянды толтыру.
  3. Іздеу жолынан «АРЭК-Энергосбыт» табу.
  4. Жеке шотытың нөмірін енгізу және қажетті соманы төлеу.