Сұрақ-жауап

 

  • «АЭҮК» АҚ компаниясы қандай қызмет түрімен айналысады?

    «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» акционерлік қоғамы 2001 жылы 1 наурыз күні құрылды. Компания Ақмола облысының 14 аудан тұтынушыларын сонымен қатар Астана қаласында электроэнергия беруді және үлестіруді жүзеге асырады. Қызмет көрсету аймақ ауданы 121 мың кв. км құрайды.

    «АЭҮК» АҚ Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесіне арқылы қосылған. Қазақстанның өндірістік аймағы Ақмола облысы Компанияларының Ұйымдарының электр жүйелеріне қосылған, бұнда әр түрлі жеке формалы өндірістер жинақталған, ал халық саны 748 мың адамды құрайды.

    «АЭҮК» АҚ келесі мемлекеттік лицензиялар бойынша өз қызметін жүзеге асырады:

    -   жинақтау және электрлік құрылғыларды жөндеуге, 2011 ж. 9 ақпанынан №004138 лицензия;

    -   құрылыс жинақтау жұмыстарына, 2005 ж. 11мамырынан №0000202 лицензия.

  • «АЭҮК» АҚ және «Астана РЭК» АҚ – бір компания емес пе?

    Тұтынушылардың көбі «АЭҮК» АҚ және «Астана РЭК» АҚ-ны бір компания деп ойлап қалып жатады. Негізінде бұл екеуі мүлдем екі бөлек энергетикалық компаниялар болып табылады.

    «Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ («Астана-РЭК» АҚ) өз қызметін Астана қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасында жүзеге асырады, ол «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде танылады.

    «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ немесе «АЭҮК» АҚ Ақмола облысының 14 ауданы мен Астана қаласы тұтынушылары үшін электр энергиясын беру және тасымалдауды жүзеге асырады. Компания"Орта Азия Электр энергетикалық Корпорациясы" АҚ («ОАЭК» АҚ) компанияларының тобына кіреді.

  • «АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС қандай қызмет түрімен айналысады?

    «АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС - «АЭҮК» АҚ еншілес компаниясы, тұжырымдама электро энергия нарығы қарым-қатынастарының дамуына сәйкес құрылған, 2004 ж. ақпан айында ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, заңды түрде 2004 жылы 25 тамызда тіркелген.

    Компания кызметі 2009 жылы 16 шілдеде №000510 лицензиясымен расталған, «электроэнергиямен жабдықтау мақсатында электроэнергияны сатып алу» табиғи монополиясын реттеу ҚР Агенттігімен берілген. 2008 ж. 18 маусым №132-ОД бұйрығына сай.

    «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС негізгі қызмет түрі – Ақмола облысының тұтынушыларын электрқуатымен жабдықтау мақсатында оны сатып алу. Компанияның тапсырмалары:

    -   тұтынушыларға электроэнергияны сату және үздіксіз жеткізу;

    -   электроэнергияны өткізуде тұтынушыларға көрсетілетін кызметтің сапалығымен жабдықтау.

    «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС құрылымы 14 әкімшілік облыс аудандарында орналасқан 16 бөлімшені құрайды. Компания Ақмола облысында 467 орналасқан елді мекендері тұтынушыларына 117,0 мыңға дерлік электр қуатымен жабдықтайды: - заңды тұлғалар шамамен 113,6 мың - тұтынушылар, электроэнергияны тұрмыстық қажеттілікке пайдаланушылар.

  • Техникалық жағдайларды алуға үшін қандай құжаттар қажет?

    1) Жеке тұлғаларға жеке басын кәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтамасының көшірмесі немесе жеке кәсіпкердің куәлігі.

    2) Жағдаяттық жоспар.

    3) Өтінім берілген, өздігінен немесе сараптау ұйымын қатыстыра отырып орындалған электр қуатының есептеу-негіздемесі.

    4) Электрмен жабдықтау объектісінің құқық белгілеу құжаттары.

    5) Электр қондырғыларының есептік қуаты 5 мВт және одан артық тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен шұғылдануға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау объектісі жасаған тұтынушының сыртқы электрмен жабдықталу сызбасын қосады. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықталу сызбасы электр жүйелеріне қосылуға жоспарланған энергия беретін және/немесе энергия өндіретін ұйымдармен келісіледі.

    Қосылуға арналған өтініш

  • Электр энергиясы үшін шоттарды қалай төлеуге болады?

    Бүгінгі таңда «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС Ақмола облысының тұрғындарына электр энергиясы үшін төлем жасаудың бірнеше түрін ұсынады.

    «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС төлем қабылдау пункттері

    Тұтынушылардың көпшілігі үшін бұл өте танымал тәсіл болып табылады. «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушылары төлемнің осы түрін кез келген «QIWI», «Касса24» және «КиберПлат» терминалдары арқылы пайдалана алады. Төлем жүргізілгеннен кейін терминал төлемді растайтын чек шығарып береді.

    «Қазпошта» АҚ

    Электр энергиясы үшін шоттарды «Қазпошта» АҚ Ақмола облысы бойынша кез келген пошта бөлімшесінде төлеуге болады (төлем жасауға түбіртек бар болған кезде төлем қабылданады).

    Интернет-банкинг

    Виртуалды төлемнің негізгі артықшылығы – уақытты үнемдеуінде: компания клиенттері төлемді үйден шықпай жасай алады. «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушылары үшін интернет-банкинг қызметі «KaspiBank» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Қызметті «KaspiBank» АҚ тікелей клиенттерінен басқалар да пайдалана алады. Бұл үшін Клиенттерге бар болғаны 15 минут ішінде «Kaspi Gold» банк картасын «KaspiBank» АҚ кез келген бөлімшесінен алу қажет. Клиенттер басқа банктің картасынан Kaspi Gold комиссиясыз толтыра алады және Kaspi.kz сайтында төлемдерді қайтадан комиссиясыз жүргізіп, бонустар ала алады. Интернет-банкинг арқылы төлемді алғашқы рет жүргізетіндер үшін үрдіс үш қадамнан тұрады:

    • kaspi.kz адресіне өту және тіркелу;
    • «Коммуналка» бөліміне өту, компаниялар тізімінен «АРЭК-Энергосбыт» таңдау, жеке шотының нөмірін көрсету;
    • Kaspi немесе Kaspi Gold банк картасынан төлем жүргізу.

    Клиент транзакция аяқталғаннан кейін төлемді растайтын және төлемді алушыға төлем жеткізілмеген жағдайда ақшаны қайтаруға кепілдік беретін Kaspi Bank мөрі бар түбіртегін алады. Kaspi Bank мөрі бар төлем туралы түбіртектерін басып шығаруға болады және де олар сайттағы «төлемдер тарихы» бөлімінде сақталады.

    Сонымен бірге «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушыларында электр энергиясы үшін қызметтерін «QIWI-әмиян» арқылы төлеуге мүмкіндіктері бар. Осы қызмет арқылы өз шотына ақша салуға болады және интернетті пайдаланып тәуліктің кез келген уақытында төлем жүргізуге болады.  

    Бұл үшін қажет:

    • qiwi.comсайтында Создать кошелек (әмиян жасау) немесе бар әмиянға өту.
    • Банк картасы немесе қолма-қол ақшамен терминал арқылы әмиянды толтыру.
    • Іздеу жолынан «АРЭК-Энергосбыт» табу.
    • Жеке шотытың нөмірін енгізу және қажетті соманы төлеу.