Тұтынушы - борышкерлер

Тұтынушы - төлемеушілер мәселесін шешу бір қатар шараларды өзіне қосады: 

  • тұтынушы – төлемеушіге электро қуатты сөндіру жөнінде және қарызды өтеу қажеттілігі туралы жазбаша түрде ескерту ұсыну;
  • қарыздары бар жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын беруді тоқтату;
  • тұтынушылардан қарызды сотқа шағымданып мәжбүрлі түрде төлету;
  • тұтынушы – төлемеушілерге тиесілі мүлікті тұтқындау және алып қою;
  • залым төлемеушілерге тиесілі жылжымайтын мүлікті көпшілік саудасынан тізімдеу және өткізу (пәтер, үй)

Тұтынушы борышкерлермен мәселені шешуде бірінші қадамда қарыздары бар абоненттерді хабардар етіп, қарыз сомасын нұсқап электроэнергияны сөндіру жөнінде тұтынушыларға ескерту бер арқылы жасалады.Тұтынушылар одан әрі қарызды өтеуден бас тартқан жағдайда «АЭҮК – энергия өткізу» ЖШС электроэнергия қарызын өтеу жөнінде хат - шағым талабын жібереді.

Тұтынушы – борышкерлермен мәселені шешудегі келесі кезең абоненттерге электроэнергияны беруді тоқтату, қарыздары бар тұтынушыларға сот арқылы мәжбүрлі түрде қарызды төлету талабы туралы өтініш беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы шекарасынан шығуына шек қояды.

Қарыздарын өтеуге шақыруға   мән бермейтін тұтынушы – борышкерлерге қатысты сот орындаушылармен қаулыны орындау шеңберінде борышкерлер мүлігін тәркілеу (тұтқындау), еңбек ақысынан және басқа да табыстарынан төлеткізу.

Мемлекеттік сот орындаушылармен тұтынушы - борышкерлерге жасалатын е соңғы шара ол борышкерлерге тиесілі жылжымайтын мүлікті көпшілік саудасынан тізімдеу және өткізу, «АЭҮК – энергия өткізу» ЖШС бұндай шараларға тек тұтынушы – борышкер электроэнергияны тұтынғаны үшін төлемеген жағдайда ғана барады. Қаржы мәселесімен тап болған борышкерлерге  «АЭҮК – энергия өткізу» ЖШС түсінушілікпен қарайды, оларға төлеу мерзімін ұзартып кесте құрайды.

Жоғарыда айтылған жағдайларды болдырмау үшін «АЭҮК – энергия өткізу» ЖШС барлық тұтынушылардың тұтынған электроэнергия үшін дебиторлық қарыздары болса, кідірмей оны төлеулерін ұсынады.

Тұтынушыға электр энергиясын беруді шектеу және тоқтату тәртібі

Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледі.

Қазақстан аумағында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) анықтайды.

Қағидалардың 51-тармағында энергетикалық компания электр энергиясын жеткізуді толығымен немесе ішінара тоқтатуға құқылы жағдайлар анықталады, оларға мыналар жатады:

1) төлемнің болмауы, сондай-ақ электрмен жабдықтаушы ұйымның талабы бойынша электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлемнің толық болмауы;

2) электрмен жабдықтау шартында белгіленген электр энергиясын тұтыну режимін бұзу;

3) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның осы Қағидалардың бұзушылықтарын жою туралы талаптарын белгіленген мерзімде сақтамау.

Энергетикалық кәсіпорын тарапынан тұтынушыны электр энергиясын жеткізуде алдағы шектеулер туралы тиісті түрде хабарлауға көп көңіл бөлінеді. Қағидаларда энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатқанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күн бұрын хабарлама жіберуге міндетті екендігі көрсетілген. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын тұтынушылар үшін хабарлама мерзімі шектеулер қойылғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.

Электр энергиясын алдын-ала ескертусіз толық тоқтатуға келесі жағдайларда жол беріледі:

1) электр энергиясын қабылдағыштарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желісіне рұқсатсыз қосу;

2) электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған қондырғыларға (қоспағанда) электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;

3) тұтынушының кінәсінен электр энергиясының сапа көрсеткіштерінің энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының жұмысын бұзатын мәніне дейін төмендеуі;

4) тұтынушылар электр энергиясын және электр қондырғыларын коммерциялық есепке алу құрылғыларына энергия тасымалдаушы (энергия өндіруші) ұйымдардың және энергетикалық қадағалау мен бақылау органы өкілдерінің жұмыс уақытында жіберілмеуі (іссапаршы ретінде);

5) апаттық жағдайда.

Барлық мәселелер бойынша тұтынушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 230 ғимарат, 22-кабинет мекен-жайы бойынша немесе +7 (7162) 25 78 67 телефонына жүгіне алады.

Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау Комитетінің
Ақмола облысы бойынша аумақтық
департаментінің басшысы
Қасенов Ж.С.