Амангельды Даирович Мажитовтың энергетикаға жолы қарапайым емес жете түсіну болды. Степногорск маңындағы Ақсу кішігірім жұмыс кентінде туған және өскен. Бала кезінен іс жүзінде электрмен айналыса білген, мектепте физиканы жақсы меңгерген және электр техниканы жақсы айырған.  

1974 жылы ол орта мектепті бітірген, алайда білімді жалғастыру туралы отбасылық жағдайға байланысты уақытша қойған. Ол «Каззолото» ТКБ Ақсу руднигінің БӨҚжА электр слесаріне ойланбастан жұмысқа орналасты, екі жылдан кейін электр слесарьдің 4-разрядына тапсырды. Сосын Кеңес әскері тобының құрамында Германияда әскери қызметін атқарды. Әскерден кейін үйіне оралды, «Капитальная» шахтасында жер асты электр слесарі болып жұмысқа орналасты. Жұмыс қауіпті, бірақ еңбекақысы жақсы болды.

Шахтада бірнеше жыл істеген ол жоғары білімсіз болмайтынын түсініп, С.Сейфуллин атындағы ЦАШИ электр техникалық факультетіне оқуға түсті.  Кейінгі жылдары учаске бастығынан бастап, «Сельхозэнерго» Сілеті аудандық кәсіпорының бас инженері, Ақсу руднигі бас энергетикасының орынбасары болып әртүрлі басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді. Ол техникалық сауатты, жауапты, қатаң және талғампаз болды. Сол кезде сөзінде тұратын басшы ретінде өзін көрсете білді. Егер уәде етсе, сенімді бола бер, орындайды.   

Оның мансабы «Целинэнерго» ӨЭБ, сосын «АЭҮК» АҚ 1988 жылы Степногорск кәсіпорыны электр жүйелерінің Ақсу МУС мастері болып қабылданған кезден басталды. 1996 жылы оны Ақсу жүйелік учаскенің бастығы етіп тағайындады.

Владимир БАРАНОВ, «АЭҮК» АҚ техникалық кеңесшісі:

- Бұл төзімділігіне сынақ болды. Ақсу жүйелік учаскенің құрамына «Бөгембай», «Бестөбе», «Сілеті» және «Степногорск» 110/35/10 кВ тораптық қосалқы станциялармен Бестөбе және Сілеті мастерлік учаскелер кіргенін еске түсіру де жеткілікті. Электр жүйелері және аумақтық қызмет көрсетудің көлемі бойынша ол орта әкімшілік ауданның АЭЖ салыстырмалы болды. Учаскеге қызмет көрсету аймағында  категорриролық, энергия ішілік өндірістік объектілер, Степногорск қаласы және «Каззолото» бұрынғы басқармасының рудниктері бар.

Мұнда басшы ретінде Амангельды Мажитовтың ең жақсы қырларынан көрінді. Өзі техникалық сауатты, ол қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату үшін барынша күшін салды. Көп назары мен уақыттыы жұмыс персоналының теориялық дайындығына, өндірісте теориялық білімін қолдана білулеріне бөлді. Онымен басқарылатын жүйелік тұрақты жұмыс істеді, ұжым қойылған міндеттерді табысты әрі айқындалған мерзімде орындады. Бұдан басқа Мажитов басқарған учаске бригадасы кәсіби шеберлік жарыстарында Степногорск ААЭЖ деңгейінде ғана емес, «АЭҮК» АҚ шешуші жарыстарында да  бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.  

2008 жылы Амангельды Даировичке Ерейментау аудандық электр жүйелері бастығы лауазымын ұсынды. Ұсыныс жай болған жоқ, оған басқаруға ұсынылған құрылым қиын кезеңді өткерген болатын. АЭЖ басшылары бірінен соң бірі ауысты,  инженерлік-техникалық және жұмыс персоналының арасында кадрлардың үлкен тұрақсыздығы байқалды. Оған көшу – әрқашан машақатты іс. Сонда да ол келісті.

Содан бері біраз уақыт өтті, уақыт та өзгерді, адамдар да бұрынғыдай емес. Амангельды Даировичке алғашқы кезде қиын болғанын, оған жаңа ұжымның ұзақ қарайлағанын жұбайы Баян Амангельдиновна ғана біледі. Адамдар бастық кішіпейіл, тілекші, ықыласты болатынына, тыңдауға қабілетті, көмек беретініне сенбеді.

Бүгінде Ерейментау АЭЖ ұжымы тәртіптілігімен және ұйымшылдығымен ерекшеленеді, мұнда кадрлар тұрақсыздығы төмендеді. Ұжымда бастықтары туралы құрметпен әрі мақтанышпен айтады. Амангельды Даирович ұжымның әлеуметтік проблемаларына көп көңіл бөледі. Ол өндіріс пен адамдары үшін бар жанымен жанашырлық танытады.  Әріптестерінің, әрбір қызметкерінің қандай жағдайда және не қажет екенін білу Ақсу жүйелік учаскеде жұмыс істегенінен қалған әдеті.

Анатолий  СТРИГУН, «АЭҮК» АҚ Степногорск ААЭЖ директоры:

-  Амангельды Даирович – тәжірибелі ұйымдастырушы, жақсы басқарушы және мықты  қожайын. Ол басшы үшін аса маңызды өкімет органдарымен және әртүрлі шаруашылық субъектілерімен өзара қызметте ептілікке ие. Биыл ерейментаулықтармен «Ерейментау» 110/35/6 кВ қосалқы станциясын қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жасалды, жаңа жабдықты пайдалануға енгізумен АҮҚ-35 кВ қайта жаңарту, сонымен қатар, БЖҚСП ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Қосалқы станцияны орталықтандырылған сумен жабдықтау мәселесі бойынша жергілікті әкімдікпен белгілі келісімге қол жеткізілді.

Амангельды Даировичпен араласу қызықты, ол жақсы әңгімелесуші, көп оқыған, кәсіби ойлаушы. Салмақты және сырттай қарағанда аз сөзді, ол ешқашан рухын жоғалтпайды, жақсы компанияны қолдай біледі, корпоративтік іс-шараларға белсенді қатысады, жақсы билейді. Жас кезінде спортпен айналысқан. Ол өмірде өте белсенді және адамның бөгде проблемаларына бейжай қарай алмайды.

Ол қандай да бір шешім қабылдамаса да, Амангельды Даировичтің сенімді арқа сүйері, оны бар жағдайда қолдайтын жұбайы Баян Амангельдиновна. Олар үш бала өсіріп,  тәрбиеледі. Кішілері әке жолымен кетті. Қызы Алтынай Павлодар университетінің электр техникалық факультетін тәмамдаған, оның басшылығында жұмыс істейді. Ұлы Талғат та  энергетик, Ерейментаудағы желілік электр станциясында жұмыс істейді. Үлкен қызы Жанна - оқытушы, Астанада тұрады және жұмыс істейді. Мажитовтерде жеті немере.  

2013 жылы Амангельды Даировичке «ТМД Құрметті энергетигі» атағы берілді.

  1. Дэвид Старр Джордан: «Қайда бара жатқанын білген адамға әлем жол ашады»,- деп айтқан екен.

 Амангельды Даировичтің өмірінде кез келген адамдағыдай табыстар мен жеңістер ғана болған жоқ. Жаны ауырған және көңілі қайтқан күндер де болды. Алайда, ол өзін сындыруға мүмкіндік бермеді және әрі қарай жылжуды жалғастырды. Оның құрылысы сондай.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі