Энергетиктер болмайды, олармен туады деп айтады. Электр техникалық қызметтің бастығы Александр Сырвачевтың жұмысын бақылай отырып, осы айтылған жүз пайызға шындық деп сенімді айтуға болады.  

Электр техникалық қызмет – «АЭҮК» АҚ желілері қызметінде ең маңызды звеноларының бірі. Техникалық қызмет көрсетуді және электр жүйелері мен 35 кВ және одан жоғары қосалқы станцияларды жөндеуді дұрыс ұйымдастырудан электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігіне байланысты. Бұл ЭТҚ бастығының лауазымы жоғары кәсіби және жеке өзінің қасиетін талап ететінін түсіндіреді. Энергия жабдықтарының жағдайын талдау, қажетті жөндеу мен жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлау, инвестициялық бағдарламалар мен күрделі жөндеулердің орындалуын бақылау – Компанияның техникалық тіршілігінің сол мәселелері және өзекті міндеттерімен соңғы үш жыл бойы ЭТҚ бастығы Александр Сырвачев айналысып келеді.

Александр Сырвачев Ақмола облысының Балқаш селосында дүниеге келген. Жас жігіттің өмірі жастайынан энергетикамен байланысты болды, әкесі Владимир Сырвачев 30 жылдан астам Сандықтау аудандық электр жүйелерінде жүргізуші болып жұмыс істеп келеді. Александрға анасы жағынан үлкен атасы, Эвальд Рише энергетикаға сонау 60 жылдары Солтүстік Қазақстанды электрлендіру кезеңінде келді. Сандықтау АЭЖ қызметкерлеріне ол алтын қолды адам ретінде есте қалды. Сүт өнімі өндірісі бойынша ұзақ уақыт инженер-технолог болып жұмыс істеген Александрдың анасының да техникадан хабары мол.  

Александр 11 сыныптан кейін құжаттарын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне берді. «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығын электрлендіру  факультетінің бірінші курсында оқып жүріп студенттің талапты инженер-энергетикке бейімделілігі көріне бастады. Жоғары курс студенті болып жүріп бірінші курс студенттері үшін оқу мастері ретінде энергия жабдықтарын пайдалану бойынша практикалық сабақтарды жүргізуде оқытушыларға көмектесті. Университетті тәмамдағаннан кейін Александр Сырвачев ААЭЖ қосалқы станцияларының  РМС-2 қызметінің аға мастері лауазымына қабылданып «АЭҮК» АҚ келді. Екі жылдан кейін жас маманды басқарма аппараты электр техникалық қызметінің жетекші инженеріне ауыстырды. Александр Владимирович жеті жылда ЭТҚ жетекші  инженерінен  бастығына дейінгі жолдан  өтті.

ЭТҚ бастығының жұмысы бір сағатқа тіпті екі сағатқа ерте басталады, 246 қосалқы станция мен 8000 шақырым созылып жатқан жоғары вольтты сызықтарды бақылау көп күш пен уақытты алады, жұмыс бастылығына қарамастан ол әрқашан сөзімен де ісімен де көмек беруге дайын. Егер  «АЭҮК» АҚ  бас инженері Александр Павловтың басшы ретінде Александр Сырвачев нақты мақсаттар қою мен іске асыруда басымдықтарды дұрыс анықтайтын сауатты да жауапты маман ретінде, ал әріптестері мен бағыныштылары оның қайырымдылығы мен адамгершілігі үшін бағалайды. ЭТҚ бастығы 35 кВ және одан жоғары сансыз көп қосалқы станциялардың әрбір ұяшығын жатқа білетінін айтпай кетуге болмайды. Жұмыста оған бәрінен бұрын не ұнайды деген сұраққа, ол: «Әрине, адамдар. Күрделі жөндеулер мен инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша ірі көлемді жұмыстарды бірлескен күштермен ғана атқаруға болады, сондықтан да мен бұл қарапайым емес жұмыста сенуге болатын барлық жөндеу бригадалары мен басшыларға ризамын.  Бүгін 2016 жылға жоспар дайын, біз де оны  100% орындауға дайынбыз».

Өзінің отыз үш жасында Александр Сырвачев Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі атағына ие болды, бұл оның мансабындағы жетістіктерінің соңғысы емес.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі