17 мамырда  Целиноград АЭЖ  оқыту-жаттығу  полигонында   Аршалы, Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград АЭЖ бригадалары қатысқан 2019 жылдың «АЭЖ үлестіру жүйелерінің жедел-жөндеу персоналының үздік бригадасы» атағы үшін АЭЖ үлестіру жүйелері электр монтерлері бригадаларының аймақтық кәсіби жарыстары өтті. Жарыс нәтижелері бойынша  I орын мен «АЭЖ электр монтерлер бригадаларының аймақтық жарысының үздік  бригадасы» атағын 349 балл алған  Аршалы АЭЖ бригадасы,  II орын - 335  балл жалпы санымен Қорғалжын АЭЖ, III орын – 326 баллмен Атбасар АЭЖ алды. Жарыс алты кезең бойынша өтті: бригада жабдықтарын, құралдарын, бейімделуін, қорғаныс құралдарын, бригада автомашинасының ахуалын тексеру; проверка  знаний ТҚЕ, ППҚ, ТПЭ білімдерін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормаларды, нұсқаулықтарды тексеру; АС-10 кВ тірегінде электр тогының әрекетінен зардап шеккендерді босату және оған алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету; ЖТҚС-10/0,4 кВ  10 кВ ақаулы өткелдік оқшаулағышты ауыстыр мен ЖТҚС-10/0,4 кВ жерлендірудің кедергі сұлбасын өлшеу; АС-10 кВ  қиылысу аралығында СИП-4 сымын ВЛИ- 0,4 кВ ауыстыру және қиылысумен бірге орынында габаритті өлшеу; АГП қолданумен АС-10 кВ т/б тірегінде РЛНД-10 кВ зақымдалған полюсін ауыстыру.

Аршалы АЭЖ бригадасының мүшелері құрмет грамотасымен және 90 мың теңге сомасында ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ақтық жарыстар 27 мамырдан 30 мамыр кезеңі өтеді.