Үлестіру желілерін пайдалану бойынша жедел-жөндеу қызметкерлерінің ішкі ұжымдық кәсіби жарыстарында қатарынан екі жыл жеңімпаз атанып келе жатқан Атбасар АЭЖ командасы қыркүйек айында Алматы облысы Қасқелен қаласында өтетін республикалық жарыстарда «АЭҮК» АҚ беделін қорғайтын болады.

Жарыстар «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ) оқу-жаттығу полигонында өтеді. Жарыс бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады, олардың 5-еуі практикалық және 1-еуі ҚЕ және ПЕ-ге қатысты білімдерді тексеруден тұрады. Соңғы, жетінші кезеңде, командараларға ГКТП (П) -10,04 кВ-да трансформатордың жануын өшіру көрсетілетін болады.

Атбасар АЭЖ бригадасын республикалық жарыстарға дайындауға Ақмола ААЭЖ-ның сәйкесінше қызметтерінің жетекші мамандары жұмылдырылды. Мұнайда негізгі ден теориялық дайындыққа қойылады, себебі жарыстардың практикалық кезеңдерін орындау қауіпсіздік техникасы ережелері мен пайдалану ережелеріне толыққанды тәуелді. 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі