Инвестбағдарлама шеңберінде «АЭҮК» АҚ Ақмола облысының тұрмыстық тұтынушыларына ЭКЕАЖ жүйесін ендіруді жалғастыруда. Осы жылы Целиноград ауданының елдімекендеріне 2500 есепке алу аспабын орнату жоспарланып отыр. Инвестбағдарламаға кірген ауыл тұтынушылары үшін ескі электр есептеуіштері заманауи есептеуіштерге тегін ауыстырылады.

ЭКЕАЖ – тұтынылған электр энергиясын есепке алу үшін қажетті жүйе. Ол электр энергиясын есепке алу аспаптарынан, мәліметтерді жинау және беру құрылғыларынан, сонымен қатар серверлік жабдықтан тұрады. Бүгінгі таңда «АЭҮК» АҚ тарапынан Ақмола облысы бойынша 21 елдімекенде шамамен он төрт мың абонентті қамтитын ЭКЕАЖ жүйесі құрастырылды. 

Электр энергиясының барлық тұтынушыларын қамтитын ЭКЕАЖ жүйесінің болуы, сөзсіз, дұрыс болар еді. Десе де, бұл өте үлкен шығындарды талап етеді. Сол себепті жүйені энергияны ең көп мөлшерде меншікті пайдаланатын елдімекендерге, сонымен қатар тексерушілердің жетуі қиын шалғайдағы ауылдарға орнату орынды.

Тұрмыстық тұтынушылардың ЭКЕАЖ-ін енгізудегі басты техникалық мәселе мәліметтерді жинау орталығындағы әрбір электр есептеуіштерімен байланыс каналдарын ұйымдастыру болып табылады. Жеке секторда есептеуіштерді монтаждау, әдетте, үй қасбетінде қуаттаушы іске қосқышты ауыстыру арқылы жүзеге асады. Көп қабатты тұрғын үйлерде әдетте қабат араларындағы қалқандарды ауыстыру қажет болып жатады.

ЭКЕАЖ жүйесін енгізу электр энергиясын тұтынудың нақты әрі анық бақылауын, сонымен қатар электр энергиясының ұрлануын болдырмауды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, тұтынушы қалауы бойынша кез келген жаңа тарифтік жүйелерді енгізуге болады. Ол үшін мәліметтерді жинау құрылғысындағы бағдарламалық қамсыздандыруды өзгерту керек.

 

 Николай СНАГОВСКИЙ,
«АЭҮК» АҚ ЭКЕАЖ қызметінің бастығы