Халықаралық қарттар күнін мерекелеу қарсаңында 28 қыркүйекте «АЭҮК» АҚ ұжымы мерекелік шәй ішуді ұйымдастырумен электр энергетика ардагерлерін құттықтады. Құрметтеу компанияның ауданаралық бөлімшелері мен «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС орталық кеңселерінде өтті. Құрметті демалыста 542 ардагер бар.

«Компанияның жетістіктері ардагерлер, сіздермен берік.  Біз Сіздермен жасалған кәсіби дәстүрді құрметтейміз әрі жалғастырамыз. Шын мәнінде бағалайтын компанияның дамуына қосқан үлестеріңіз, қажымас еңбектеріңіз, нәтижелеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз», – деп өзінің құттықтауында «АЭҮК» АҚ Бас директоры Наиль Сайфуллин атап өтті.

Сонымен қатар, Ақмола облысында көп энергетика жобалары ардагерлердің арқасында іске асырылғанын атап өтіп техника кеңесшісі Владимир Баранов та мерекемен құттықтады.

«АЭҮК» АҚ көрсеткен қамқорлықтары мен назарлары үшін барлық ардагерлер атынан республиканың құрметті энергетигі, ТМД құрметті энергетигі, «ССРО Энергетика үздігі» белгісінің кавалері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «АЭҮК» ардагері Анатолий Васильевич Валюженич алғыс білдірді.

Кездесу барысында ардагерлер  «АЭҮК» АҚ қосалқы станциялардың бірін «Целинэнерго» энергетика бірлестігінің бірінші басшысы, Қазақ СРО құрметті энергетигі, ССРО құрметті энергетигі - Вениамин Левиннің атымен беру мүмкіндігін қарастыру өтінішін білдірді. «АЭҮК» АҚ Бас директоры Наиль Сайфуллин ардагерлердің өтініштерін назардан тыс қалдырмайтынын айтты.

Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында компания ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетілді.