Жас мамандарды тарту – «АЭҮК» АҚ алдында тұрған басымдық міндеттердің бірі. Компания кәсіпорында жас мамандарды дамытуға арналған барлық мүмкін жағдайларды жасауға тырысады.

2018 жыл бойы Компания  болашақ энергетиктерді дайындаудың халықаралық практикасы – дуалдық оқытуды белсенді қолданады. Кадрларды дайындаудың дуалдық жүйесінің табыс көзі профилді оқу орындарымен тығыз әлеуметтік серіктестік болып табылады. Осындай оқыту үшін  «АЭҮК» АҚ қызмет саласына тиісті қажетті жабдық, материалдық-техникалық база, тәжірибелі тәлімгерлер бар.

Дуалдық жүйені дамытумен қатар Компанияның Персоналмен жұмыс басқармасы тәжірибелі жоғары білікті мамандар санынан тәлімгерлер жиынын құру бойынша жұмыс жүргізеді. Студенттерді оқытқаны үшін тәлімгер еңбекақысына 10% дейін мөлшерде студенттерді табысты оқыту қорытындысы бойынша үстемеақы алады. Өндірісте әрбір тәлімгерге екі оқушыдан артық бекітілмейді. 2018 жылы тәлімгерлік процессінде Компанияның 31 қызметкері қатысты.

Энергетика мамандығына түсетін студенттер санының төмендеуіне үрдіс біздің тарапымыздан мектептерде таныстыру курстарын және Компания объектілеріне кәсіптік бағдар экскурсияларын өткізу бойынша бастама болды. № 22 мектеп-гимназияда энергетика бағыттарымен үйірме құрылды. 2018 жыл бойы қолданыстағы қосалқы станцияларға, Қабанба батыр ауылындағы Компанияның оқу полигонына және Ақмола ААЭЖ диспетчерлік пунктіне барумен  «Электр энергетика» мамандығы бойынша оқитын 175 студенттен астам 8 экскурсия өткізілді.  Компанияның оқыту орталығында студенттер үшін «Электр тогымен жарақат алғанда зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету», «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» тақырыптарына мастер-класс өткізілді.

Нәтижесінде2018 жылыАЭЖ практика өтумен студенттерді дайындаудың дуалдық жүйесін енгізу бағдарламасы бойынша 49 студент төленетін практиканы өтті, шығын сомасы 2 531,6 мың теңгені құрады, жазғы  каникул кезінде 9 студент жұмысқа орналастырылды, шығын сомасы1101,7 мың теңгені құрады, 1(бір) түлек «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС Атбасар бөлімінің технигі болып жұмысқа орналасты.

Студенттер мен қызметкерлер үшін «АЭҮК» АҚ қолданыстағы бағдарламасы туралы толық ақпаратпен біздің сайтында танысуға, сондай-ақ, Персоналмен жұмыс бойынша басқармаға хабарласуға болады.

Анар САДЫКОВА,
«АЭҮК» АҚ ПЖБ бас маманы.