«АЭҮК» АҚ қызметкерлері көктемгі Наурыз мейрамын мол дастарқан және көрнекі шоумен қарсы алды.  Мереке Компанияның орталық алаңында қойылған үлкен киіз үйдің маңында өтті.

Іс-шараны «АЭҮК» АҚ Бас директоры Сайфуллин Н.К. әріптестерін Наурыз мейрамымен құттықтап, денсаулық, бақыт, жақсылық тілеп ашты.

Мереке бағдарламасы Компания қызметкерлерімен әзірленген аспаздық конкурс және көркем шығармашылықтан тұрды, сондай-ақ, лотерей ойнатылды, спорттық жарыстар мен кәсіби әртістердің өнерлері болды.

Стратегиялық дамыту және инвестициялық жоспарлау бойынша Бас директордың орынбасары Жанна Гислердің айтуынша әділ қазылар алқасы мүшелері үшін аспаздық конкурсты бағалау аса қиын болды. Конкурсқа барлығы 10 тағам ұсынылды, және әрқайсысы өзінің дәмді сапасы мен эстетикалық параметрлері бойынша жеңіске лайықты болды. Алайда, конкурстың аты конкурс қой.

 Қорытындылай келе бірінші орынды шарттар жасау, перспективалық жоспарлау, заң және материалдық-техникалық жабдықтау (МТЖБ) бөлімдері әзірлеген «Маклюбе» хан тағамы алды.

Көркем шығармашылық конкурсының жеңімпазы жөндеу-пайдалану басқармасының (ЖПБ) бастығы Канат Досымов бастаған қызметкерлер алды.