«Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасы – компанияның негізгі басымдығы»

2018 жылдың инвестициялық бағдарламасы аясында Ақкөл АЭЖ-нде 0,4 кВ желілерін қайта құру және 10 дана ЖТҚС 10/0,4 кВ қуаттырақ үлгілеріне ауыстырылды. Жалпы ұзындығы 15,939 км СВ-95 0,4 кВ ОӘЖ-ге (оқшауланған әуе желісіне) қайта құру жүргізілді. Модернизациялау кезінде орнатылған жабдық оң нәтижелерді көрсетті. Осылайша, СИП конструкциясының өзі электр желілерінің сенімділігін қамтамасыз етеді, ауа-райының әсерінен сымдардың үзілуі мен соғылуы айтарлықтай азайды. Енді электр желілеріне өз бетімен қосылу мүмкін емес, бұл өз кезегінде, электр энергиясының ұрлануын болдырмайды.

Осылайша, желіні қайта құру және ЖТҚС ауыстыру тұтынушыға электр энергиясын сапалы жеткізуді қамтамасыз етті.

2018 жылы 35/10 «Ақкөл» ҚС-нда ЖТҚ-10кВ (жабық тарату құрылғысын) қайта құру, 10кВ АК-10 ұяшықтарын АИК жүйесі бойынша қашықтықтан басқаруға ие жаңа АВВ-1250А20КА VD-4 ауыстыру жүргізілді. АТҚ-35кВ (ашық тарату құрылғысында) жабдықты ішінара қайта құру жүргізілді, 35кВ майлы сөндіргіштер қолайлылығы жоғары ӨҚТ №1  (өзіндік қажеттіліктер трансформаторына) ауыстырылды. ЖТҚ 10 кВ ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді: ғимараттың шатыры, еден жабыны, кіреберіс есіктері толық көлемде ауыстырылды, ғимараттың ішкі және сыртқы жарықандырылуы ретке келтірілді.

Бұдан басқа, «Ақылды қала» жобасын іске асыру аясында 6076 дана мөлшерінде серверге деректерді берудің автоматты жүйесіне ие электр энергиясын есепке алудың жаңа аспаптары орнатылды.

Бүгінгі күні 84 ЖТҚС (жиынтықты трансформаторлық қосалқы станция) деректерді жинау және беру құрылғылары орнатылған, онда барлық ақпарат электр энергиясын есептеу құралдарынан келіп түсіп, одан әрі серверге жеткізіледі. Бұл барлық электр энергиясын есептеу құралдарынан алынатын деректерді көрсетуге мүмкіндік беретін «Novasis» бағдарламасын енгізудің арқасында мүмкін болды.      

Атап өтетін жайт, электр кернеуін тұрақтандыру электр энергиясын 10%-ға үнемдеуге мүмкіндік берді. «Ақылды қала» бағдарламасының маңызды артықшылығы - бірыңғай қорғалған платформада жиналған барлық деректер терең талдаудан өтеді. Мұндай жаңашылдық энергияны ұрлау фактілерін анықтауға ғана емес, сондай-ақ қаланың әлеуметтік бейнесін қалыптастыруға септігін тигізеді.