«АЭҮК» АҚ Оқыту орталығы энергетика саласында кадрларды дайындау бойынша Ақмола облысындағы үздік оқытушы ұйымдардың ішіндегі беделділерінің бірі. Келесі жылы өзінің қызмет ету барысында орталық мыңдаған мамандарды, өз ісінің шеберлерін оқытудан өткізген жарты жылдық мерейтойын атап өтеді.

Оқыту орталығы 1969 жылы “Целинэнерго” АЭШО кәсіпорыны базасында құрылды. «АЭҮК» АҚ қызмет етудің негізгі принциптерін сақтап одан әрі дамуын қолдады.  Оқыту орталығында электр монтерлерден бастап бақылаушылар мен диспетчерлерге  дейін 11 мамандық бойынша оқытады. Мамандардың шеберлігі мен дайындығы еңбектің өнімділігіне әсер ететін, персоналдың жарақат алуын төмендететін және электр жабдықтарын пайдалану деңгейін жоғарылататын негізгі фактор болып табылады. Сондықтан орталықта жаңа мамандыққа оқитындар немесе біліктілігін жоғарылатушылардың бәріне жоғары талаптар қойылады.  

Оқыту орталығының басымдық бағыттарының бірі жас буынның орын басушылығы, ардагерлермен жиналған білімдер мен тәжірибелерді сақтау және көбейту, оларды жас мамандарға беру болып табылады. Мұнда ондаған жылдар бойы кәсіби өтілі бар тәжірибелі энергетиктердің көлемді істегендерін бағалайды әрі қадірлейді. Айқын мысал, Александр Семенович Араев, Вадим Павлович Ступин, Сафид Таспаевич Суесинов және басқалары болып табылады.

Орталықта оқытуды бай тәжірибелері және практикалық білімдері бар  өз істерінің шеберлері жүргізеді. Тұрақты дәріс берушілер Алексей Владимирович Садовский пен Юрий Викторович Чайников болып табылады, сонымен қатар, «АЭҮК» АҚ басшылары мен жетекші мамандары да тартылады. Оқыту орталығында оқыту процессін жүргізуге жабдықтардың көрнекі көрінісі және барлық практикалық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін дамыған материалдық-техникалық базасы бар. Бүгінгі күні орталықта оқытудан «АЭҮК» АҚ 300-ден астам қызметкер өтті.

Оқыту орталығының бастығы Алексей Садовский оқыту орталығының арқасында кәсіби қызметінің өзгеруіне байланысты есте қалған жағдаймен бөлісті.  «Өндірістік бөлімшелердің бірі персоналды оқыту бойынша жоспарды орындау мақсатында «АС-35 кВ және жоғары пайдалану бойынша электр монтер» курсына электр монтердің орынына бригадалық машинаның жүргізушісін жіберген. Жүргізуші оқыту бағдарламасын табысты өтті. Бірде ауданда жаңа тіреулер орнатты. Сонда оқыту орталығында алған білімін жүргізуші көрсете алды. Басшылық әрине, жүргізушінің хабардар екеніне таң қалды. Содан бері ол кәсібін ауыстырыды да бүгінде МУС  мастері болып жұмыс істейді.

1985-1991 жылдары оқыту орталығында Монғолия Республикасының мамандары оқудан өтті. Қазан турбиналық жабдықтарды жөндеу бойынша слесарлардың 4 тобы және үлестіру жүйелерін пайдаланудың 1 тобы шығарылды».

Оқыту орталығы ұдайы дамып отыратынын атап өту керек. Дуалдық білім жүйесі аясында орталық оқу орындарымен жұмыс жүргізеді. Ағымдағы жылы өндірістік практиканы компанияда Астана қаласының Басқару колледжінің екінші курсының 17 студентті өтті. Болашақ мамандар оқу-өндірістік практика өту мерзімінде кәсіптің бастыларын үйреніп, практикалық тәжірибе алады. Орталықта әрқашан талап етілетін мамандықтар бойынша оқытылады, Қазақстанның электр энергетикасы үшін кәсіби мамандарды дайындайтынын мақтанышпен ерекше айтуға болады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі