2019 жылдың 26 сәуірінде «АЭҮК» АҚ  Қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың отбасылық күні өтті. Іс-шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсанында кәсіпорында екі жыл қатарынан өтті.

Құттықтау сөзбен «АЭҮК» АҚ бас директоры Наиль Сайфуллин және Стратегиялық даму және инвестициялық жоспарлау бойынша Бас директордың бірінші орынбасары Жанна Гислер ашты. Басшылар еңбекті қорғаудың мәдениеті өнімділікке әсер ететінін атап өтті. «Еңбекті қорғау өндірісте қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға көтермелейтін корпоративтік саясаттың негізі болып табылады», – деді өзінің үндеуінде Наиль Сейфуллин.

Мерекелеу аясында «АЭҮК» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша бағдарламалар мен жоспарларды орындауда белсенді қатысқан, сондай-ақ, жұмыс орынында қауіпсіздік талаптарын жақсарту жөнінде дәлелді ұсыныстар енгізген үздік қызметкерлерді  марапаттады. Наградаға 5 қызметкер лайықты болды: Олег Ловской –Атбасар АЭЖ Новосельский МУС мастері, Евгений Турло –Целиноград АЭЖ Новоишимка МУС мастері, Нурлан Килькаев – Степногорск ААЭЖ Бұланды АЭЖ Макинск МУС мастері, Николай Седукин – Есіл ААЭЖ Жарқайың АЭЖ Державинск қалалық желісінің электр монтері және и Николай Кириченко – «АЭҮК – Энергосбыт» ЖШС Шортанды аудандық бөлімінің аула сыпырушысы.  Олардың әрқайсысы күн сайын кәсіби дайындығының жоғары деңгейі мен қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың талаптарын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Ерекше көзге түскен қызметкерлер  құрмет грамоталарымен және көтермелеу сыйлықтармен – сыйлық  сертификаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, кәсіпорында  «Балалар көздерімен еңбек қауіпсіздігі» балалар шығармашылығының конкурсы өтті. Конкурс екі жыл қатарына өткенін атап өту керек, биыл да қатысуға ниет білдірушілер артты, ал құзыретті қазылар алқасы үшін таңдау міндеті қиындай түсті, себебі, әр жұмыс бар жанымен әрі шығармашылықпен орындалған.  Қатысушылардың жас ерекшелігі 6 жас пен 12 жас аралығында болды, сондықтан конкурсқа оқушылар ғана емес мектеп жасына дейінгі балалар да қатысты. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі әлемі балалар көздерімен ашық әрі әртүрлі және олар кейде күтпеген қырынан көреді. Әрбір жұмыс ең жоғары мақтаулар мен наградаларға тұрарлық. Барлығы тоғыз жүлделі орын бөлінді:

I орын – Алина Тихая, 8 жас, Инна Курасова, 11 жас, Нурдана Газезханова, 12 жас.

II орын – Анастасия Луциян, 11 жас, Айару Сарсенбаева, 10 жас, Адель Каирбек, 9 жас. III орын – Асия Оразбай, 6 жас, Дария Ахат, 6 жас, Нурасыл Нагыметуллин, 6 жас.

Сонымен қатар, қатысқандары үшін көтермелеу сыйлықтарымен Мадина Оразбай, 9 жас, Аманжол Сериков, 12 жас, Алтынай Оразалы, 10 жас, Аида Аманжол, 10 жас, Артем Гельт, 9 жас, Нурдильда Газезханова, 10 жас, Мирас Нагыметуллин, 9 жас, Андрей Бадреев, 7 жас, Амина Ануарбек, 7 жас марапатталды.

Балалар шығармашылығы конкурсы аясында сондай-ақ ААЭЖ және АЭЖ жұмыстары ұсынылды. Мұнда да жеңімпаздар анықталды. Барлығы қырық сегіз жүлделі жұмыс, сексен жеті көтермелеу сыйлықтары, сондай-ақ отыз сыйлық конкурсқа қатыспағандарға, алайда ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Жеңімпаздар арасында: Таисия Кудрявцева, Артем Ляшенко, Мария Тетерюк, Данил Постников, Кристина Чжоу, Рамиль Алимов, Мария Морозова, Алдияр Калиев, Ануар Торагай,  Ульяна Пальцева, Аруана Амангельды, Арина Серикова, Даниил Оберемок, Андрей Гальстер, Юлия Ребинина, Антон Колесников, Вероника Путинцева, Матвей Диденко, Дмитрий Рогов, Александр Муравкин, Максим Гельмут, Нурая Иманалиева, Алия Баттал және Айзере Толеубаева.

Қауіпсіздік саласында балалар білімдерінің деңгейін жоғарылату үшін іс-шаралар аясында «Тұрмыстағы электр қауіпсіздігі» және «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбына анимациялық бейнеролик көрсетілді. Конкурсқа қатысушылардың алған білімдерін игеруіне күнделікті өмірде электр құралдарын қолдану жөнінде қысқаша сұрамақ көмектесті. Сұраққа дұрыс жауап берген барлық балалар құнды сыйлықтар алды. Іс-шара тәттілермен мерекелік шай ішумен аяқталды.