«АЭҮК» АҚ-да тәуекел-менеджмент аясындағы топ-менеджерлер үшін тренинг, сонымен қатар Компаниядағы Тәуекелдер реестрін өзектендіру бойынша іс-шаралар өтті. Осы секілді коммуникациялық сессияларды өткізу "Орта Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" (ОАЭК) АҚ Компаниялар тобындағы тәуекелдерді басқару бойынша ортақ саясаттың бөлшегі болып табылады

Тренинг барысында «ОАЭК» АҚ Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры Айжан Станбаева басты назарды Компанияның ұйымдастыру құрылымындағы ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару жүйелерінің рөлі мен орнына аударды. Жетекшілермен кездесу барысында Айжан Станбаева: «Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірудегі кезекті қадам «АЭҮК» АҚ өз қызметінің түрлі аяларында тәуекелдің жүзеге асуының артушы мүмкіндігі туралы ерте сигналды алуы үшін пайдалана алатын тәуекелдердің негізгі индикаторларын жасақтау және енгізу болып табылады», - деп белгілеп өтті.

Іс-шара шеңберінде, Компанияның бас мамандарымен сұхбат жүргізген соң, Тәуекелдер реестріндегі тәуекелдерді қайта бағалау өткізілді. Тәуекелдердің әрбір иесі осы құжатты мүмкін болар келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін пайдалана алады.

Таменова Жанар,

«АЭҮК» АҚ тәуекел-менеджмент басқармасының бастығы