«АЭҮК» АҚ мамандары инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында жабдықтарды күрделі жөндеу мен қайта жаңарту бойынша, сонымен қатар жүйелерді, қосалқы станциялар мен электр беру сызықтары бойынша жұмыстарды аяқтауда.

Жалпы ұзындығы 53,5 км құрайтын 35-110 кВ электр берудің  ауа сызықтарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Қоянды - Софиевка» АС-35 кВ бөлігінде металл тіреулерді монтаждау мен жинау орындалып жатыр. 15 металл тіреудің 14 тіреуі жөнделді, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

21,8 км №13 механикаландырылған колоннаның ұзындығы 4 км «Ильинка - Ақмола» АС-35 кВ учаскесі жұмысқа енгізілді. «Шептікөл - Волгодоновка - Юбилейная» АС-35 кВ бойынша сызықтың 6 км сымы жөнделді, сымды монтаждау бойынша одан әрі жұмыс жүргізілуде.

«Дамса» 110/10 кВ ҚС, «Целиноградская» 35/10 кВ ҚС және «Қоянды» 35/10 кВ ҚС қосалқы станцияларында блоктық-модулдық ғимаратта РҚА шағын процессорлық қорғаныспен және вакуммдық ажыратқыштармен 10 кВ ұяшықты май ажыратқыштармен және электр механикалық релелік қорғаныспен ұяшық ауыстыру орындалды. Қазіргі уақытта  «Целиноградская» 35/10 кВ ҚС жұмыстар аяқталуда, басқа қосалқы станцияларда жұмыстар аяқталған.

Энергия объектілерін қайта жаңарту, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жүргізілетін жұмыстар Компанияның тұтынушыларын сенімді, үзіліссіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі