Құрметті тұтынушылар!

2019 жылдың қазан айынан бастап заңды тұлғалар «QIWI», «Касса24» және «Киберпласт» терминалдарында электр энергиясы үшін төлем жасай алады.

Төлемді жүргізу үшін терминал экранынан «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС табу, одан әрі аудандық бөлімшені таңдау, одан әрі жеке 6 таңбалы кодты енгізу қажет.

Мысалы, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС  → Ақкөл бөлімі → коды 301005

Бұдан әрі экранда сіздің ұйымыңыздың атауы пайда болады, мысалы «Еңбек ШҚ».

Төлем жүргізілгеннен кейін терминал төлемді растайтын чек береді.

Жеке 6 таңбалы код қосымша «Ұйым (жеке кәсіпкер) – алушы» бөлімінде көрсетілген. Немесе аудандық бөлімшеге кодты нақтылау үшін заңды тұлғалармен жұмыс істейтін маманға жүгінуге болады.

Назар салыңыз, төлем сомасы терминалмен белгіленген комиссия сомасын алып тастағанда «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-ке аударылады