Электр және жылу энергиясы әлеуметтік маңызды өнім болып табылады. Көп жағдайда, осы себеппен барлық энергетикалық жүйенің – ЖЭО-дан өткізу ұйымдарына дейінгі техникалық жабдықталуына – әрбір адам мүдделі. Егер жабдықтың сенімділігі оған жасалатын күтімге байланысты болса, өткізу ұйымдарының жұмысын жетілдіру тұтынушылармен арадағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша 2011 жылдың желтоқсан айында қызмет көрсету деңгейін арттыру, электр энергиясын тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС құрылтайшысы Целиноград ауданында тағы бір аудандық бөлімшені – Ақмола бөлімшесін ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Ақмола бөлімшесінің қызмет көрсету аймағына 25 елді мекен кіреді.  Тұтынушыларға қызмет көрсету Ақмол кентінде, Талапкер кентінде және Новоишимка кентінің аудандық бөлімшесінің учаскесінде орналасқан сервистік орталықтарда жүргізіледі.. Осы жайлы және тағы да басқа тақырыптар төңірегінде біз Ақмол желілік учаскесінің бастығы - Оленский Вадим Францевичпен сұхбат құрдық.

-  Вадим Францевич, «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС шамамен 9000 жеке және 315 заңды тұлғаға қызмет көрсетеді. Тұтынушыларда негізінен қандай сұрақтар туындайды?

- Халық ағыны бойынша Целиноград ауданы жылдам дамып келе жатқан аудан болып табылады. Аудандық электр желілері әлі қалыптасу процесінде. Құрылыс бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде. Жаңа құрылыстарды электрмен жабдықтау бөлігінде көптеген сұрақтар туындайды, тұтынушылар осы үйлерді электрмен жабдықтау және шарттар жасасу мәселелерімен жүгінеді. Атап өтетін жайт, желілерде қазірдің өзінде кернеу бар.

- Тұтынушылардың өсу қарқыны қандай??

- Егер Ақмола бөлімшесі құрылған сәттен есеп жүргізсек, тұтынушылар саны 6 600-ден 9200-ге дейін, 30%-ға жуық артты. Өткен жылы 1300-ден астам шарт жасалды, ол негізінен Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғындары.

- Айтыңызшы, бүгінгі таңда тұтынушылар тарапынан қызметтер үшін ақыны уақтылы төлеу мәселесі қаншалықты өзекті?  

- Халықпен жұмыс істеу әрдайым оңай болған емес, әркімнің өз пікірі бар, әр адам барлығы тезірек орындалғанын қалайды. Қызметтер үшін уақытында төлем жасамайтын, сол арқылы өздерінің шарттық міндеттемелерін орындамайтын клиенттер бар. Дегенмен, барлық мәселелерді шешуге болады, дау-жанжалдар мен шағымдарға жеткізбеуге тырысамыз.

- Тұтынушылар үшін сервисті жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?  

- Көп адамдар қызметтер туралы барлық ақпарат www.arek.kz сайтында ұсынылғанын бледі. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушылар үшін компания сайтында «Жеке кабинет» жұмыс істейді, оның көмегімен тұтынушы есептеу құралдарының көрсеткіштерін бере алады, түбіртек алып, төлем жүргізе алады.  Бұдан басқа, қызмет көрсету сервис орталықтары арқылы да жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп электрмен жабдықтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.. Ағымдағы берешек туралы тұтынушыны СМС ақпараттандыру енгізілді. Енді, тұтынушы кез келген төлем әдісін таңдай алады:  Касса 24, Qiwi терминалдары, «Kaspi bank» АҚ интернет-банкингі, немесе сервис орталықтарының кассалары және «Қазпочта» АҚ арқылы.

- АӘҮК-те қызмет жасап жүрген уақыт ішінде, жалпы алғанда өндірістік процеске қандай баға берер едіңіз?

- Біз еңбек қызметіне кіріскен кезде еңбекақымен проблемалар болған, жөндеуге материалдар жетіспей, олар іс жүзінде жүргізілмеген еді, біз барлығын тұрақты деңгейде ұстап тұруға тырыстық, ал қазір жағымды өзгерістер байқалуда. Тұрғындар күрделі жөндеу бағдарламасы аясында біздің компания желілерді қайта жаңартуды жүргізіп жатқанымызды біледі. 

- Вадим Францевич, Сіздің еңбек жолыңыз қалай басталды, сол жайында айтып берсеңіз?

- 1999 жылдан бастап С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетін бітіргеннен кейін Ақмола учаскесіне таратушы желілер қызметіне электромонтер ретінде орналастым, учаске шебері, РЭҚ бастығының өткізу жөніндегі орынбасары болдым, қазір Ақмола бөлімшесінің бастығы болдым, қарапайым қызметтерден біртіндеп жоғарыладым.

- Сіздің кәсібіңізде ең бастысы не?

-  Ең бастысы, бұл жерде тәртіпке баулиды, біздің барлық ережелер тәртіпке негізделген, және оны бұзуға болмайды. Ұжымымыз жақсы, кадрлар ағымы жоқ емес, біреулер зейнетке шығады, біреулер өз жолын іздеуде, жас жігіттер келеді, біз қалағандарын оқытып-үйретеміз.

- Бұл сала жас мамандар үшін несімен тартымды?

- Энергетика туралы барлық адам біледі, онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Барлық машиналар электр қуатымен жұмыс істейді. Күн сайын мен әр түрлі адамдармен араласамын, және әрқайсысының өз пікірі бар, осы жайт үлкен қуанышқа кенелтеді. Әсіресе уақыт өте келе өздерінің жинақтаған тәжірибесін көрсететін жас шеберлерге ризамын.

- Вадим Францевич, жұмыстан басқа қандай қызығушылықтарыыз бар?

- Бос уақытым аз, өзім балық аулағанды жақсы көремін, бірақ, негізінен, уақытты отбасыммен бірге өткізуге тырысамын. Отбасым үлкен емес – жұбайым, екі қызым, бір ұлым бар. Үлкен қызым институтты аяқтады, қызмет етеді, бірақ энергетика саласында емес. Кіші қызым Нұр-Сұлтан қ. Политехникалық колледжде оқиды, ал ұлым болса, бірінші сыныпқа қадам басты. Мені Ақмол (Малиновка) ауылының байырғы тұрғыны десеңіз де болады, осында туып-өстім, қызмет жолым да туған өлкемде өрбіп келеді. Бұрын спортпен шұғылдандым, хоккей және футбол ойнайтынмын, шахматты да бақ сынаса аламын, кітап оқығанды ұнатамын. Былайша айтқанда, өзімді жан-жақты бағытта дамытуға тырысамын.

Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!