«АЭҮК» АҚ Ерейментау АЭЖ «Ерейментау» 110/35/6 кВ қосалқы станциясы базасында  «ОАЭК» холдингісінің өндірістік-техникалық қызметтері мен «Ақмола ЭҮК»,  «Павлодар ЭҮК» және «Солтүстік Қазақстан ЭҮК» компаниялары мамандарының қатысуымен техникалық жиналыс өткізілді. Жиналыста 2018 жылы  «Ерейментау» қосалқы станциясында іске асырылған ОРУ-35 кВ модернизациялау жобасының тұсаукесері болды.

Александр Дарибаев, «Таврида Электрик Астана» ЖШС маркетинг бойынша директордың орынбасары 2018 жылы жобаны іске асыру барысы туралы айтты. Кәсіпорын мамандары  «Ерейментау» қосалқы станциясында реклоузерлер орнату бойынша іске қосып-реттейтін жұмыстарға тікелей қатысты, КЗ тогының есебі мен қалқандарды орнатуды орындауға көмектесті.  Жобаны іске асыру барысында қосалқы станцияда қызмет көрсететін персонал үшін нұсқаулық, сондай-ақ орнатылған жабдықтарды пайдалану процессінде оқиғаны бақылауды алуды орындауға оқыту  жүргізілді.

Жиналысқа қатысушылар қосалқы станция жабдықтары ретінде  вакуумдық реклоузерлерді қолдану бойынша шешімдердің бірегейлігін және қысқа мерзімде 35 кВ үлестіру құрылғысын бар май толтырылған жабдықтармен кешенді қайта жаңарту жүргізілгенін атап өтті. Оған қоса реклоузерлерде жедел ток пен өзіндік диагностиканың меншікті жүйелері бар, оқиғалар мен технологиялық бас тартулар журналы жүргізіледі, қосымша салымсыз  SCADA-жүйесіне интерграцияға дайын. Олардың үлкен кепілдеме мерзімі және сенімді сервистік қызмет көрсетуі бар.

Жиналысқа қатысушылар Солтүстік Қазақстан энергетика кәсіпорындары арасында кешенді қызмет көрсетпеген жабдықтарды қолданумен ұқсас техникалық шешімдерді үлестіру жайында бір ауыздан пікір айтты.