«АЭҮК» АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жыл сайынғы спартакиада өтті. Жарыс спорттың төрт түрі: волейбол, теннис, шахмат және армрестлинг бойынша өтті.

Спартакиаданың ауыспалы кубогын ауыспайтын иегер – Ақмола ААЭЖ командасы жанкүйерлерінің үмітін алдамады және АЭҮК мықты командасы атағын қорғап қалды.  Ол – бірінші орында.

Екінші жалпы командалық орынды басқарма аппаратының командасы алды. Үшінші орында Степногорск ААЭЖ құрамасы.

 «АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі