2016 жылдың инвестициялық бағдарламасында Атбасар АЭЖ нысандарын қайта құруға және күрделі жөндеуге ерекше мән беріледі.  Ағымдағы жылы осы жерде 5 қосалқы станция және 0,4 кВ желілерінің 8,505 шақырымы қайта құрылатын болады.     

Атбасар АЭЖ қызмет көрсету территориясы «АЭҮК» АҚ аудандық электр желілері ішінде ең ауқымдысы болып табылады және 7,4 мың шаршы шақырымды құрайды. Атбасар АЭЖ қосалқы станцияларының жиынтық қуаттылығы 351,613 МВА, ал 0,4-110 кВ электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 2289,089 шақырымды құрайды. Атбасар ауданы – астықты ірі өндіруші, ол оны мемлекеттің ауылшаруашылық саласы үшін стратегиялық тұрғыда маңызды етеді.  

Атбасар АЭЖ инвестициялық бағдарламасы өз құрамына 4 жоғарывольтті қосалқы станцияларды қайта құруды қосады: 220/110/35/10 кВ «Целинная» ҚС, 110/35/10 кВ «Максим Горький» ҚС, 110/35/10 кВ «Мариновская» ҚС, 110/10 кВ «Красный Маяк» ҚС және 1 жиынтықты-трансформаторлық қосалқы станциясы. Сонымен қатар СИП ашық сымының ауыстырылуымен 0,4 кВ желілерінің 8,505 шақырымы қайта құрастырылуы керек.

Инвестициялық бағдарламадан бөлек, Атбасар АЭЖ-да «Целинная», «Новосельская», «Ладыженка» және «Ишимская» жоғарывольтті қосалқы станцияларына қатысты жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстардың үлкен көлемі орындалды. Жоспар бойынша сонымен қатар71 КТП 10/0,4 кВ және 344,16 шақырымды құрайтын 0,4-110 кВ желілерінің жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Целинная» 220/110/35/10 кВ ҚС қайта құрылысы – 2016 жылдың ең ірі инвестициялық жобаларының бірі. Қосалқы станция Сочинское ауылында орналасқан және «АЭҮК» АҚ транзиттік тізбегінің маңызды түйіні болып табылады. Аталмыш қосалқы станция жұмысының негізгі бағыты – KEGOC Қазақстан бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен электр энергиясының транзиті. «Целинная» қосалқы станциясы 1986 жылы пайдалануға берілген, қосалқы станцияда пайдаланылатын үш трансформатордың жалпы қуаттылығы 79,3 МВА құрайды.

2016 жылдың инвестициялық бағдарламасымен аталмыш қосалқы станцияда ВМТ 110 кВ төрт май ажыратқышарын заманауи элегазды ВГП 110 кВ ажыратқыштарға ауыстыру жоспарланған. Жаңа ажыратқыштардың артықшылығы олардың ажыратқыштардың алдыңғы өкілдері секілді маймен емес, элегазбен – түссіз, улы емес және иісі жоқ жанбайтын газбен қуаттандырылуында. Элегазды ажыратқыштар элегазбен алғашқы қондыру кезінде бір рет қана қуаттандырылады, ал май ажыратқыштар пайдаланудың барлық мерзімінде майдың тұрақты ауыстырылуын талап етеді. Элегазды ажыратқыштың қызмет көрсету мерзімі 25 жылдан кем емес. Осы жылы «АЭҮК» АҚ мамандарымен элегазды ажыратқыштарды қондырудың алдыңғы тәжірибесі есепке алынды және «шық нүктесі» ескерілді. Бұл өз алдына жетек шкафының ішінде конденсаттың пайда болуын жояды, бұл жабдықта даттың пайда болуына бөгет болады. Жаңа жабдықтың тағы да бір артықшылығы – желдің қатты екпініне қарсы тұра алатын иілгіш шиновкасы бар аралық порталдар. Олар қосалқы станция жұмысын сенімдірек және қауіпсіз етеді.

«Максим Горкий» 110/35/10 кВ ҚС Тимашевка ауылында орналасқан, 1975 жылы пайдалануға берілген. Қосалқы станцияда жалпы қуаттылығы 12,6 МВА 2 трансформатор пайдаланылады. «Максим Горкий» қосалқы станциясында 110 кВ айырғыштары мен қысқа тұйықтағыштарының 110 кВ ВГП элегазды ажыратқыштарына алмасуы жоспарлануда. Жаңа ажыратқыштар минималды ажырау сәтімен автоматты заманауи жетектерден тұрады. Мұндай жетектерде ажырау милисекундтар ішінде жүзеге асады. Жаңа жабдықты аталмыш қосалқы станцияға орнату уақытылы жүзеге асуда, себебі ескі жетектердің тозғандығы соншалық, трансформаторлардың бірінің жануына алып келуі мүмкін.

«Мариновская» 110/35/10 кВ ҚС Новомариновка ауылында орналасқан, 1987 жылы пайдалануға берілген. Жалпы қуаттылығы 12,6 МВА-ны құрайтын екі трансформатордан тұрады. Қосалқы станциялардан Атбасар, Егіндікөл және Жарқайың аудандарына электр энергиясының транзиті жүзеге асады. Қосалқы станциядан қуат алатын ірі нысан жақын жерде орналасқан дән қоймасы болып табылады. Қосалқы станцияда айырғыштар мен қысқа тұйықтағыштардың ВГП 110 кВ-ға ауысуы жоспарланған. Қосалқы станциялардағы жұмыс қазіргі уақытта ескі жабдық орнатылған күрделі біріккен құрылымына байланысты шамамен екі аптаны құрайды (осы секілді қайта құруларда жұмыстар шамамен бір аптаға созылады).

«Красный Маяк» 110-0 кВ ҚС Сепе шағын ауылының жанында орналасқан, 1970 жылы пайдалануға берілген. Екі орнатылған трансформатордың жиынтық қуаттылығы 5 МВА құрайды. Қосалқы станцияларда трансформаторлардың жануы орын алған. Жану қосалқы станцияда пайдаланылатын ескі жабдық кесірінен туындаған. Апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында инвестициялық бағдарламамен «Красный Маякта» ВГП 110 кВ элегазды ажыратқыштарына ОД КЗ 110 кВ ажыратқыштарының ауысуы жоспарланған.

Атбасар ауданындағы қайта құру және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың аяқталуы қыркүйек айының соңына жоспарланған.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі