«АЭҮК» АҚ  сапа, экология, сондай-ақ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық жөнінде Менеджменттің интеграцияланған жүйесі (МИЖ) енгізілді және сертификацияландырылды.

МИЖ сапа менеджментінің жүйесі (ISO 9001:2015 халықаралық стандарты), экология менеджментінің  жүйесі (ISO 14001:2015 халықаралық стандарты), кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйесі (OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарты) кіреді.

«АЭҮК» АҚ өндіріс көлемінің бір мезгілде ұлғаюында, шикізат пен материалдардың жеке шығындарын төмендетуде, энергия ресурстарын үнемдеуде, өндіретін қызметтердің сапасын жоғарылатуда қоршаған ортаға теріс әрекеттерді қысқарту мақсатында ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 1800С халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін МИЖ енгізу туралы шешім қабылданды.  

Компанияда МИЖ енгізу оны құру, жобалау, құжаттау, енгізу сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кіретін өзара байланысты кезеңдерді жүйелі орындау арқылы жүргізілді.

Менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды енгізуде әдістемелік және кеңес қызметтерін “Quality Management Experts” ЖШС көрсетті.

2018 жылдың бірінші жарты жылдығында  ISO және OHSAS серияларының халықаралық стандарттарын енгізу сатысы аяқталды. Халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қажетті құжатталған рәсімдер әзірленді және енгізілді.  Компанияда сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық саласында Саясат қабылданды.

2018 жылдың мамырында TÜV Rheinland Group (Германия) компаниясының нәтижелері бойынша серитфикацияланған аудит табысты өтіп, ISO 9001:2015 «Сапа менеджментінің жүйесі» (тіркеу № 01 100 1819000), ISO 14001:2015 «Экология менеджментінің  жүйесі» (тіркеу № 01 104 1819000), OHSAS 18001:2007 «Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйесі» (тіркеу № 01 213 1819000) сәйкес сертификаттар берілді.

«АЭҮК» АҚ жеткен жетістіктеріне тоқтамайды, компания жетістіктеріне бейімделіп дамиды, одан әрі перспективалық жақсаруды бағалайды, ұдайы жетілдіру мақсатында кәсіпорындардың халықаралық озық тәжірибелерді игереді.