Жақсын ауданының Жақсы ауылында «АЭҮК» АҚ-ның 2016 жылғы инвестициялық бағдарламасының шеңберінде 0,4/6/10 кВ үлестіру желілерін қайта құру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Өткен ғасырдың 70-жылдары салынған аталмыш желілер өз қорларын әлдеқашан сарқыған еді: оларды пайдалану мерзімі рұқсат етілетін нормалардан шамамен екі есе асып кетті.

Қайта құру барысында өткізгіш пен тіреулердің – ӘЖ-10 кВ-нің 10 км мен ӘЖ-0,4 кВ-нің 5 км-нің толыққанды ауыстырылуы жүзеге асады.

Бүгінгі таңда ӘЖ-10 кВ және ӘЖ-0,4 кВ үшін темірбетон тіреулер толыққанды көлемде қойылған, ТТ-110 және ТТ-164 темірбетон тіреулеріне траверстер орнатылған. Сонымен қатар ӘЖ-10 кВ – 8,6 км анкер бөлімшелерінде жаңа өткізгіш монтаждалған және монтаждалған бөлімшелерде кетуші ЖТҚС 10/0,4 кВ үшін жаңа РЛНД-10 кВ орнату бойынша жұмыстар жүргізілген. Екі ӘЖ-10 кВ іске қосылған. Қазір ӘЖ-10 кВ-ні кезекті жұмысқа қосумен қалған бөлімшелерде өткізгіштерді жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан бөлек, барлық жоспарланған ЖТҚС-дан өзін-өзі көтеруші оқшауланған сым магистральдері жөнделген, үш ҚТЖТҚС 10/04 кВ монтажы және орнатылуы жүзеге асырылған. Енді екеуін орнату кезекте тұр. Осы жұмыстармен қатар ӘЖ-10 кВ ескі бөлімшесінің бөлшектеп жөнделуі орындалды. Жұмыстар барысында тұтынушыларға электр энергиясын беруді оңтайлы түрде шектеу мақсатында ауданның барлық ұйымдары мен қызметтерінің жұмыс кестелері міндетті түрде есепке алынуда.

Жаңа желілерді іске қосқаннан кейін бригадалар ескілерін бөлшектеуге көшеді.

Барлық жұмыстар желілік-шеберлік телім бригадаларымен орындалуда. Есіл және Сандықтау ауданының электр жүйелері өз көмектерін көрсетуде – өзін-өзі көтеруші оқшауланған сым магистральдерін төсеу мен ҚТЖТҚС монтажымен айналысқан бригадаларын көмекке жіберуде.

Алдағы уақытқа жұмыс аз емес: тұтынушыларды қосу, желілерді пайдалануға беру және электр берудің ескі желілерін бөлшектеу. Жұмыстар кестеге сәйкес орындалуда.

 

МАЛЫШЕВ Александр,

Жақсын аудандық электр жүйелерінің бастығы