«ОАЖЭК» АҚ 20 жылдық мерей тойы аясында еншілес компанияларының қызметкерлері үшін  «ЭКСПО-2017» көрмесіне  экскурсия ұйымдастырды. «АЭҮК» АҚ 300 астам қызметкері, соның ішінде 150 бала болашақ энергиясына арналған көрмені тамашалады. Кейбір көрмеге қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.  

Андрей Гирин, Есіл ААЭЖ директоры:

- «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсер орасан зор. Бәрі сөзсіз ұнады, бірақ Қазақстан павильоны ерекше. Оның сегіз қабатын өткенде энергия көздерінің жаңартылған потенциалы зор және олардың артында болашақ тұрғанын түсіне бастайсың. Көрме өткеннен кейін Қазақстан павильоны «жасыл» энергетика саласында жаңа технологияларды көрсететін мұражай ретінде қызмет ететіні ұнады.

Оксана Курдюкова, ЕсілААЭЖ  бас бухгалтері:

 - Көрмеге Ангелина және Кристина деген қыздарыммен бардым. Олар 14 жаста. Астанаға көптен жиналғанбыз, сәті түспей жүрген.  Міне, енді мүмкіндік!

«ЭКСПО» аумағына келгеннің өзінде басқа бір әлемге түскендей болдық: өзгеше сәулет ғимараттары, таң қаларлық инсталляциялар, таза, жайлы, әдемі және өте замануи. Волонтерлар көп, олар бағыт-бағдар беріп көмек көрсетеді де адасуға жол бермейді.  

Бірінші кезекте Қазақстан павильонына бардық. Кезек ұзақ екен, бірақ тез жылжыды. Өзінің сегіз қабаттылығына қарамастан үлкен шар іші ауадай жеңіл және салмақсыз сияқты. Дыбыссыз лифттер, жүруге қорқынышты шыны көпір, бәрі голливуд фильмдеріндегідей. Павильоннан зор шаттық сезіммен және еліміз үшін мақтанышпен шыққанымызды мойындаймыз.

Бір күннің ішінде тағы он елдің павильонын көріп үлгердік, кезек аздау жерлерге баруға тырыстық. Көптеген елдердің алаңдарында викториналар және балаларға арналған танымдық ойындар өткізіліп жатты. Қыздарым барлық жерде рақаттана, сүйсіне қатысты. Мысалы, Австрия павильонында осы ел туралы өлең оқығандары үшін оларға наградаға әрқайсысына белгіден берді.  

Өкінішті, бізге Ресей, Қытай және Корея павильондарына баруға уақыт жетпеді. Алайда, көрген әсерлер бізге көпке жетеді.  «ОАЖЭК» АҚ мұндай тамаша сыйлығы үшін рақмет.

Оксана Лемищук, Ақкөл АЭЖ үлестіру жүйелерінің электр монтері:

- 11 жастағы қызым Машамен бір күнде он елдің көрмесін көріп үлгердік. Барлық жерде болу мүмкін емес. Мысалы, мен соңында шаршадым, ал қызым Маша болса балалар алаңы мен аттракциондар паркіне кетті.  

Анатолий Васильевич Валюженич, Астанақаласы, зейнеткер, ҚР құрметті энергетигі:

- «ЭКСПО-2017» көрмесінде болып әлемдік масштабтағы іс-шаралар атмосферасын өз көзімізбен көруге және сезінуге мүмкіндік берген «ОАЖЭК» АҚ жұбайым екеуіміз алғыс білдіреміз. Біз бейне бір болашақ қаласында болғандаймыз.

Арстан Насиевич Абдрахманов, Есіл қаласы, зейнеткер, ҚР құрметті энергетигі:

- «ЭКСПО-2017» көрмесінде рақаттана, сүйсіне болдым және «ОАЖЭК»  холдингісінің басшылығына алғысымды білдіремін. Мерей тойларыңызбен құттықтаймын және гүлдене беруді тілеймін!