Ерейментау ауданындағы «Ерейментау» 110/35/6 кВ қосалқы станциясын қайта жаңарту 2018 жылы іске асырылған «АЭҮК» АҚ маңызды инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың қазанында Ерейментау қаласының әкімі Виктор Радченкомен компания өкілдерінің кездесуі барысында энергетиктер қала басшысына қосалқы станцияда орындалған барлық жұмыс көлемін көрсетті. Замануи жабдықты орнату Ерейментау ауданының тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды жоғарылатуға бағытталғаны атап өтілді.

2014 жылы қайта жаңарту аясында «Ерейментау» қосалқы станциясында ескірген ОД-КЗ-110 кВ орнына ЭВ-110 кВ екі енгізілген элегаздық ажыратқыш орнатылды. Биыл 35 кВ ондаған май ажыратқыш вакуумдық «Реклоузеры-35 кВ» ауыстыру жүргізілді. Тұтынушыларды жөндеу жұмыстары кезі электрмен жабдықтауда үзіліс туындамауы үшін резервтік сызба бойынша электрмен жабдықтауға қосылды.  

Сонымен қатар, инвестбағдарлама аясында қосалқы станция ғимаратына күрделі  жөндеу жүргізілді. Барлық орын-жайлардың едені тегістелді, линолеум төселді, металл пластикалық терезелер, жалюзилер орнатылды, жарық беретін ескі шамдар светодиодтық шамдарға ауыстырылды, жабын  профлист қолданумен орындалды. Қосалқы станцияның кезекші диспетчері, байланыс қызметі және қызмет мастері кабинеттері жөнделді әрі абаттандырылды, кезекші персоналдың демалысына арналған бөлме жабдықталды. Ғимаратты жылыту үшін орын-жайларда қажетті ауа температурасын өзі орнатуға мүмкіндігі бар терморегуляторлармен замануи электр конвекторлары орнатылды. Ғимарат сыртын жылу жоғалтуды айтарлықтай төмендететін полимерлік жабумен металлосайдингпен қаптады. Бұл Ақмола облысында жоғары желілік жүктемемен аймақ үшін өте өзекті мәселе: желдің орта жылдық жылдамдығы Ерейментауда м/с 5,1 құрайды, ал қыс айларында барынша желдің жылдамдығы м/с 18-ден 28-ге дейін екпінмен м/с 34-ге дейін жетеді.

«Ерейментау» 110/35/6 кВ қосалқы станциясы 1964 жылы пайдалануға енгізілді, аудан орталығы – Ерейментау қаласын қоса алғанда бар Ерейментау ауданын электрмен жабдықтайтын негізгі болып табылады. Қосалқы станцияның тұтынушылар арасында «Kaz Arms» ЖШС цехының көмір тілігі, ұсақталған тас кесек, май және нан зауыты, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы объектілер  сияқты ірі өндірістік кәсіпорындар бар.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі