Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша  (ТМРКД) «АЭҮК» АҚ 2017 жыл үшін инвестициялық міндеттемелерді жүргізу бойынша қайта жаңарту және орындау нәтижелері жөнінде пресс-тур ұйымдастырылды.

Іс-шараға  Ақмола облысы бойынша ТМРКД бастығының орынбасары, Ақмола облысы Энергетика басқармасының бас маманы Жаскайрат Садыков, «АЭҮК» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Жанна Гислер, «АЭҮК» АҚ Жөндеу бойынша бас инженер орынбасарының м.а. Александр Сырвачев, өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

«АЭҮК» АҚ  басымдық міндеттерінің бірі алынған инвестициялық міндеттемелерді орындау, ТМРКД бекіткен коридоры аясында өндірістің тиімділігін көбейту мақсатында бақыланатын және бақыланбайтын шығындар деңгейінде орындау болып табылады.      

«АЭҮК» АҚ  2017 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы толық көлемде орындалды. Қаражаттар жүйелер мен жабдықтарды жаңартуға, тозған құралдарды төмендетуге, қызметтер сапасын жоғарылатуға, жабдықтардың сенімді жұмыстарына бағытталды:

  • 450 537 мың теңге сомасында 110/35 кВ 12 ҚС қайта жаңарту;
  • 68 837 мың теңге сомасында110/35 кВ 370 км АС қайта жаңарту;
  • 345 623 мың теңге сомасында 110 кВ54 км АС құрылысы;
  • 452 270 мың теңге сомасында 10/0,4 кВ 75 км АС және 33 ЖТҚС қайта жаңарту;
  • 544 232 мың теңге сомасында 2 520 км жүйелер мен 747 бірлік энергия жабдығын күрделі жөндеу;
  • 170 565 мың теңге сомасында тұрмыстық тұтынудағы ЭКЕАЖ енгізу - 2 310 есеп нүктесі;
  • 125 472 мың теңге сомасында 5 ғимарат пен орын-жайға күрделі жөндеу;
  • 101 103 мың теңге сомасында Компанияны бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • 53 253 мың теңге – негізгі құралдар алу (оргтехника және тағы басқалары);
  • 2 187 526 мың теңге «Астана» ҚС - займ АБР АС (КС) құрылысы;
  • 150 543 мың теңге - «Северная» ҚС алда сатып алумен сенімді басқару.

Пресс-тур қатысушылары Ақкөл, Шортанды, Бұланды аудандық электр жүйелерінің энергия объектілеріне, соның ішінде  «Алексеевка» және «Заводская» 110/35/10 кВ қосалқы станцияларына барды,  бірлескен технологияны қолданумен салынған жаңа «АЖЭО-2 - Астана»АС-110 кВ танысты.

Ақкөл АЭЖ. «Алексеевка» 110/35/10 кВ ҚС 1972 жылы пайдаланымға енгізілген. 2017 жылы қайта жаңарту аясында қосалқы станцияда  110 кВ май ажыратқыштарын 110 кВ элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру жүргізілді. Қосалқы станцияда дұрыс жұмыс істеу үшін жыл сайын жабдықтарды күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізіледі.  Жұмыстар бекітілген көп жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі.  2017 жылы  «Алексеевка» ҚС күрделі жөндеу барысында дөңгелектің айналма секцияларымен АҮҚ-110 кВ (ашық үлестіру құрылғысы),   үш ауытқу сызығымен АҮҚ-35 кВ, ЖҮҚ-10 кВ (жабық үлестіру құрылғысы) жөнделді. АЭЖ мамандарымен 16 000 кВА және 10 000 кВА екі күшті трансформаторларға техникалық қызмет көрсету, байланыс құрамаларына түгендеу мен жөндеу, ажыратудағы тірек изоляциясын ауыстыру жүргізілді және жаңа жетекпен әрі тартпа изоляциямен 35 кВ секцияға шиналау орындалды. Шортанды АЭЖ: ЭБС-0,4/10 кВ. 2017 жылы Бозайғыр ауылы мен Шортанды кентінің   0,4-10 кВ ішкі кенттік үлестіру сызығы қайта жаңартылды. Жұмыс барысында жалаңаш сым ӨОС (өзінкөтеретін оқшауланған сым) ауыстырылды,  ағаш тіреулер –СВ-95 тіреулеріне,  ЖТҚС 17 данасы жаңа ЖТҚС ауыстырылды. Оқшауланбаған сымды ӨОС ауыстыру өткізу қабілетін, сенімділігін, төмен вольтті сызықтардың үнемділігін әрі қауіпсіздігін көбейтті, сондай-ақ, энергияның жоғалуын төмендету мақсатында орындалды. Бозайғыр ауылында үлестіру жүйелері толық қайта жаңартылғанын, Шортандыда  ішкі кенттік  жүйелерді жаңарту пайызы 40% екенін атап өту керек. Бұланды АЭЖ. «Заводская»  110/35/10 кВ ҚС 1963 жылдан пайдаланымда. 2017 жылы қосалқы станцияда  35 кВ  май ажыратқыштары 35 кВ вакуммдық ажыратқыштарға және 110 кВ май ажыратқыштары  ВБ-110 кВ типтегі элегаздық бактік ажыратқыштарға ауыстыру жүргізу барысында 35 кВ дөңгелектерінің  1-2 секцияларын қайта жаңарту жүргізілді.   «АЖЭО-2 - Астана» АС/110 кВ жаңа құрылысы 2017 жылы аяқталды. Тас жолдың ұзындығы 6,8 км. Құрылыс болғанда  жоғары өткізу қабілетімен ерекшеленетін құрылым өзегімен АССС сымы және «АЭҮК» АҚ диспетчерлік қызметімен сенімді байланысты қамтамасыз ететін талшық кабелімен найзағай арқаны қолданылды. Бұл АС астананың ескі әкімшілік орталығын қамтиды.

Пресс-тур барысында қатысушылар бұрын іске асырылған инвестициялық жобалардың нәтижелерімен де танысты. 2015-2016 жылдары инвестициялық жобаның табысты іске асырылуының көрсеткіштері  ХХ ғасырдың 60-шы жылдары пайлануға берілген ескі қосалқы станцияны толығымен бұзып тастап орынына «Елизаветинка»  110/10 кВ  қосалқы станция салынғаны болып табылады. Жаңа қосалқы станцияның құрылысы ұдайы халықының саны өсіп келе жатқан астанаға іргелес Бозайғыр кентінің тұтынушыларын үзіліссіз электрмен жабдықтау әрі әлеуметтік шиеленушілікті төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Қосалқы станциядағы барлық сызық және енгізу ұяшықтары вакуммдық ажыратқыштармен және микропроцессорлық қорғаныстармен жинақталған. Микропроцессорлық қорғаныс жалпы қуаттылығы 6,3 мВА құрайтын екі күшті трансформаторларда, сондай-ақ кернеудің барлық транформаторларында орнатылған.

Бас директордың бірінші орынбасары Жанна Гислер пресс-тур өткен уақытта Компанияның инвестициялық жобаларын іске асыру барысында замануи жоғары технологиялық жабдықтарды орнату энергияның жоғалуы мен технологиялық бұзулардың болмауын төмендететінін, қоршаған ортаға қолайсыз әсерді азайтатынын және бастысы қатынасу аймағында жұмыс істеп жүрген персонал мен халықтың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететінін атап өтті.