«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорыны базасында өткізілген қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша кезекті өзара аудитте «ОАЭК» АҚ барлық еншілес ұйымдарының ҚжЕҚҚ және ҚОҚ мамандары, соның ішінде «АЭҮК» АҚ ҚжЕҚ және ҚОҚ мен МИЖ қызметтерінің басшылары Галина Ганоль  мен Олеся  Луговенко қатысты.

Іс-шара ««5 «неге?» және себептер ағашы» әдістерін қолданумен түпкі себептерін айқындау» тақырыбына тренингіден басталды, содан кейін жоғары жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін замануи сақтандыру бейімделулердің тұсауын кесу болды.

Аудит қатысушыларына Солтүстік Қазақстан – ЖЭО-2, «Солтүстік Қазақстан ЭҮК» АҚ, «Петропавл жылу желілері» және «Севказэнергосбыт» ЖШС жылу энергетикалық кешенінің ірі кәсіпорындарында болу және техника қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің жұмыстарымен танысу мүмкіндігі болды. Еңбектің қауіпсіздік жағдайларын жасау, ҚжЕҚ мен ҚОҚ құжаттамаларын енгізу, корпоративтік процедуралар, регламенттер мен стандарттарды енгізу бойынша білімдерімен және жұмыс тәжірибелерімен өзара тиімді алмасу болды. Аудит барысында энергетика және технологиялық жабдықтарды пайдалануда жарақаттанудың алдын алу, экологиялық сипаттағы қақтығыстардың алдын алу мен экологиялық заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Аудит процессінде алынған тәжірибе ҚжЕҚ мен ҚОҚ мамандарының бұдан әрі жұмыстарына күмәнсіз қолайлы болады, сонымен қатар қадағалау органдары тараптарынан айыппұл санкцияларынан құтылуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мұндай іс-шаралар Холдингтің әртүрлі ұйымдарының мамандары арасында коммуникацияны тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.