Тарихы

«Ақмола электрожелілік үлестіру компаниясы» АҚ 2001 жылдың 1- наурызынан бастап құрылды, дегенмен бастауын бес ондықжыл бұрынғы, сол бір «Целинэнерго» бірлестігі Қазақстанның солтүстік облыстарын электрлендіруді жүргізген кезге жатқызуға болады.

Компания жекешелендіру кезінде өз өндірістік қорын жоғалтқан, электрожелілік жабдықтарды жаңарту және модернизациялау бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр.Толықтай қайта құру жүргізілді, ал керек болған жағдайда аудандық электр желілерінде (АЭЖ) және желілі-шеберлік бөлімшелерінде (ЖШБ) жаңа өндірістік база құрылысы жүзеге асырылды.

Құзырлы орындардың белгілеген нормативтерін қатаң түрде орындай, қазіргі заманның жаңа жабдығын енгізе отырып, барлық дәрежедегі кернеу желілерін және қосалқы станцияларында кезекті жоспар бойынша жаңарту жүргізіліп жатыр. Ақмола облысы аудандарының ауылдарында әлеуметтік және өндірістік қызметтерін қамтамасыздандыруға жыл сайын сапалы және тиісті деңгейде 60 шақырымға дейін ЭБЖ-10 және 0,4 киловольт жаңартулар мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Компания 2004-ші және 2005-ші  жылдары екі рет, халықаралық қордан, FЕВР іскерлік тәжірибесіндегі жоғарғы сапасы үшін алтын медаль алып, 2008 жылы – бизнестегі мінсіз абырой және жоғарғы сапалы қызмет пен өнім үшін «Алтын Ягуар» халықаралық лауреатының дипломы сыйлығын алды. 2008 жылы «Ақмола АЭЖ» АҚ халықаралық лауреатының «Европалық сапа» сыйлығына ие болды.