Жемқорлықпен күрес бойынша жедел желі

«АЭҮК» АҚ — бұл «Орталық-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) еншілес кәсіпорыны болып табылатын ірі электржелілік үлестіру компаниясы.

«АЭҮК» АҚ сөзсіз басымдықтары — жемқорлыққа байланысты қауіп-қатерден Компанияның тұтынушыларын, акционерлерін, серіктестері мен қызметкерлерінің мүдделерін қорғау; бизнестің айқындылығын жоғарылату.

Сізге белгілі болған жағдайда:

· дайындалған немесе жасалған жемқорлық, алаяқтық және ұрлау фактілері туралы;

· сатып рәсімдерін жүргізгенде бұзушылықтар туралы;

· қызмет бабын және лауазымдық тұлғалармен өкілеттігін теріс пайдалану туралы;

· «АЭҮК» АҚ іскерлік беделіне материалдық нұқсан немесе зиян келтіретін өзге де әрекеттер жасау туралы.

Бұлар туралы келесі электрондық мекенжайлар бойынша «Жедел желіге» дереу хабарлауыңызды сұраймыз:

 

Хабарламалар бағыттары

Электрондық мекенжай

«ОАЭК» АҚ қабылдау бөлімі info@energy.kz
Экономикалық қауіпсіздік департаменті deb@energy.kz
Ішкі аудит департаменті  dva@energy.kz
Тәуекел-менеджмент департаменті drm@energy.kz

 

Үндеулеріңіз Директорлар кеңесіне бағынатын және Компания басшыларына бағынышты емес жоғарыда көрсетілген департаменттерге жедел түседі.

Барлық хабарламаларды қалай жеке қол қоюмен болса, солай анонимді түрде жіберуге болады. «ОАЭК» АҚ басшылығы жіберуші тұлғаны анықтау бойынша ешқандай шара қолданбайтынына кепілдік береді. Сіздерден түскен ақпарат егжей-тегжей зерттеледі және тексеріледі. 

Анықтама үшін телефон +7 (727) 259 66 40.